0 дауыс
53.3k көрілді
Әдебиет сөз өнері тақырыбына шығарма?

3 жауап

0 дауыс

Сөз өнері. Не нәрсенің болса да теориясын пайымдамас бұрын, алдымен, онық өзін анық танып, біліп алған жөн.

Біз әдебиеттің теориясын толғамақпыз. Ал осы әдебиет дегеннің. өзі не нәрсе?

Әрине, ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққанын — сөз, асыл сөз деген мағынасы бар екенің, орысша литература деген атаудың латын сөзі (Ііііега) екенін — әріп, жазу-сызу деген мағынада қолданылғанын білу онша қиын емес. Көркем әдебиет дегеннің байыбына бара түсу керектігін айтқанда, біз жұрт алдына мұншалық жадағай, әріпшіл талап қоюдан аулақпыз.
Бірақ мынаған назар аудармасқа бола ма?
Университет аудиториясында емтихан жүріп жатыр Әдебиет тарихынан сабақ беретш тәжірибелі ұстаз алдында жас шәкірт отыр. Арада — стол үстінде бір жапырақ билет: бірінші сауал — Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» романы.

Ұстаз тыңдайды, шәкірт сөйлейді.

Обалы не керек, шәкірт сөзге кенде кіснің түрі емес, орағыта жосылтып, сілтеп отыр:
—«Қарағанды» — Қарағанды туралы жазылған шығарма Қарағанды болғанда, ол жерден өткен ғасырда Апақ дегеннің алғаш рет көмір тауып алғанын Ғабит Мүсіреп-ов өзінің «Оянған өлкесіңде» айтып өткен болатын. Ал мына кітапта Мұстафин жолдас сол Қарағандының, біздің, дәуірімізде қалай өсіп-өркендегенін, оның бүкіл Одақ көлеміндегі орасан зор көмір алыбына қалай айналғанын жазады. Өндірісте маман кадрлар коллективі ұйымдасып, оның көмір өндірісін одан әрі өркендеткенін айтады. Бұрынғы өндіріс құралдары ат барабан, қолбұран, тәшке болса, кейін техниканың врубмашина, электровоз, көмір комбайны сияқты күрделі түрлері шығып,
қол жұмысы жеңілдегенін баяндайды. Өндірісте бұрын-соңды болмаған ашык шахта қалай пайда болғанын сөз етеді…
Ұстаз шәкіртті ұзақ тыңдады, үлкен төзіммен тыңдады. Сырттай қарағанда, онын, айтып отырғаны өтірік емес: «Қарағанды» романында осындай идеялық мақсат бар екені рас. Алайда дәл осы идея қалай көрсетілді, қандай көркемдік шешім тапты? Бұған әдеби-эстетикалық сауатты жауап жоқ. Сондықтан ұстаз шәкіртті амалсыз бөліп:
— Жә, осы шындық романда калай жинақталған? — деді. Шәкірт аңыра тоқтады:
— Жинақталған?
— Иә, жинақталған… Обобщение деген мағынада ғой.
— Обобщение?
Енді ұстаз таңдана бастады:
— Өзің обобщение, яки жинақтау дегенді түсінбей отырғаннан
саумысың? _
— Сенің әлгі айтқандарың — көркем шығарма емес, техникалық кітаптарда жазылатын жайлар. Әдеби туындыларда бұл шындық жинақтау арқылы көрінуге тиіс. Мен соны сұрап отырмын.
Шәкіртте үн жоқ.
— Шырағым,— деді ұстаз амалсыз қабақ шытып,— сен өзің көркем әдебиет дегеннің не екенін анық білесің бе?
Шәкірт шамданды:
— Түу, ағай, неге білмейін…
— Білсең, айта қойшы: әдебиет деген не?
— Е, оның, не айтатыны бар? Әдебиет деген — әдебиет. Енді екеуі де үнсіз еді…
Амал не, жағдай осындай. Жұрттық бірқатары осы шәкірт секілді, әдебиет дегеннің не екенін, оның өзіне тән ерекшелігі (спецификасы) қандай екенін жете білейді. Оның эстетикалық табиғатын, көркемдік критерийлерін нәзік түсінбейді. Сондықтан олар әшейін долбармен жүреді. Олардың жазушыға қояр талабы — жа-лаң идеялық талап қана. Шығарманы талдау орнына мазмұнын айтады. Онда да, әлгі шәкірт тәрізді, шығарма шындығын адамдар тағдырына байланыстыра қара-майды, шаруашылық шараларына телиді: кітаптан іздейтіні — көмірші емес, көмір; мұнайшы емес, мұнай…
Жоқ, бұған төзуге болмайды. Бұларға әдебиеттің сыр-сипатын, болмыс-бітімін анықтап, талдап түсіндіру қажет-ақ.
Жә, сонымен, әдебиет дегеніміз не: от па, су ма? Шынында да «поэзияны біреу — су десе, біреу — от дей-ді» (Белинский).
Әрине, әдебиет — су да емес, от та емес. Әдебиет — өнер.
Өнердің, түрі көп емес пе: кескін өнері (живонись),
сымбат өнері (скульптура), сәулет өнері (архитектура) т. б. Ал әдебиет қандай өнер?
Әдебиет — сөз өнері.
Неге?
Негесі — сол, мүсіншінің құралы — саз, суретшінің құралы — бояу, әншінің құралы — үн, бишінің құралы— қимыл болса, әдебиетшінің құралы — тіл. «Сөз — әдебиеттің құрылыс материалы» (Федин).
Қоғамдық сананың айрықша саласы — көркемөнер десек, мұның жалпы адамзат мәдениетінен алар орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқарар қызметі орасан зор. Фиди статуясы, Рафаэль картинасы, Шекспир трагедиясы, Глинка музыкасы, Абай лирикасы мезгіл межелерінен аттап өтіп, уақыт сынына мүдірместен, көрген, тыңдаған, оқыған адамдар жанын сусындатумен келеді және сусындатқан үстіне сусындата бермек.
Көркемөнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі — көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен әлгідей бірлігі бола тұра өзгешелігі де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын: сөз — бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар; әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Бұл — көркем әдебиеттің халықаралық өрісіне біраз бөгеу, тіпті түсау екені рас. Бірақ, мұның есесіне, әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты, театр тілінен гөрі затты: симфонияны тыңдаушының бәрі нақты түсіне бермейді, театр сахнасында бүгін кеште жүріп жатқан спектакльдің ертеңгі ұрпаққа мұра боп қалғандай қолға ұстар затты дерегі бола бермейді, ал әдебиетте екеуі де — нақтылық та, заттылық та — бар. Кескін, сәулет, сымбат өнерлері затты, нақты болғанмен жансыз, қимылсыз, ал әдебиет кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін — бар өнердің басы, «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі» (Бальзак), «ең жоғарғы түрі» (Белинский) десек, асырып айтқан болмаймыз. Қазақ халқының «өнер алды — қызыл тіл» деген білгір тұжырымы да тегіннен тегін тумаған-ды.
Өнер қадірін білмейтін, оның ішінде сөз өнерін түсінбейтін тоғышарлар жаңа ғана сахнадан көрсетілген комедияны арзан күлкіге, әшейін әзіл-әжуаға сайған сәтте Гоголь ызаға булығып, «Театр табалдырығында»
тұрып айғай салған болатын: «Әзіл-әжуа!.. Әне, театр балкондары мен жақтаулары күңірене теңселіп кетті; тебіренген жұрт бір сәт бір ғана сезімге көшіп, бір адамға айналып, бір туған бауырдай құшақтасып, бір ғана діріл деммен тыныстап, бұдан бес жүз жыл бұрын дүниеден өткен бейтаныс біреуге құшырлана қол соғып, алғыс гимнін азынатып жатқаны анау… Әзіл-ажуа!.. Мұндай «әзіл-әжуа» болмаса, дүниені меңіреу ұйқы жайлар, тіршілік қаңсып, адыра қалар, көңілді мүк басып, балдыр шалар».
Көркем сөз — құдіретті нәрсе! Оны әзілге саю да, оны әжуалау да — ақылдан кенде пенденін, қылығы. Тарих мұнары бұлдыратып тастаған заманалар мен дәуір-лерге қараңыз! Парасат дүниесінің биік шыңдары ғана ақыл мен ой аспанының алып тіреулеріндей қадау-қадау шаншылып тұрып қалған. Олар кімдер? Хан ба, патша ма? Жоқ, білім мен өнер иелері — ғалымдар, жазушылар… Осы ғасырдың нақ басында А. С. Суворин өзінің күнделік дәптеріне былай деп жазды: «Біздің патша-мыз екеу: II Николай мен Лев Толстой. Екеуінің қайсысы күшті? II Николай Толстойға түк қыла алмайды, оны тақтан қозғай алмайды, ал Толстой ше: қаһарға мінсе, Николайдың тағын династиясымен қоса теңселтіп, төңкеріп түсіре жаздайтыны күмәнсыз».
Бұл арада сөз өнерінің адам қоғамындағы аса зор қуат-күші жатыр.
Максим Горький 1912 жылы И. Д. Сургучевқа жазған хатында «Русьтағы ең жауапты және қиын қызмет» — патшаның қызметі емес, әдебиетшінің, қызметі екенін айта келіп, «егер әдебиетші өзін шын мәнінде әдебиетшімін деп сезінсе, тек қана әдебиетші қалпында қалуын» талап еткен болатын. Өйткені әдеби талант деген нәрсе — қолдан жасалмайтын, өзінде жоқ болса, өзгеден қарызға алу мүмкін емес, жер-жаһаннан қанша іздегенмен таптырмайтын нәрсе! «Ақындық оқуы» деген оқу да жоқ. Сондықтан да біздің коммунистік партия талантты тәрбиелеп өсіруге айрықша төзіммен, лениндік қамқорлықпен қарайды.

0 дауыс

Көркем әдебиет

Қоғамдық сананың айрықша саласы-өнер; өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Өнердің бірнешеу құралы-бояу, әншінің құралы-үн, бишінің құралы-қимыл болса, әдебиетішінің құлаы-тіл. Демек, әдебиет-сөз өнері.

Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті-көркем әдебиет.

Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері нақты, затты болғанымен жансыз, қимылсыз, ал әдебит кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылтып, құлпыртып көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін-бас өнердің бас, «өнер атаулының ең қиыны және күрделілісі» (Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинский) десек, халқымыздың «өнер алды-қызыл тіл» деген қағидасы да соны растайды.

Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді.

Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел баурайды: қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді…Қысқасы, адамның көңіл-күйінде сан сапа құбылыстартуғызып, із қалдырады. Бұл әдеби шығарманың, яғни көркем әдебиеттің эстетикалық әсері, оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген

Кітап және симфония, сурет немесе, мүсін не туралы деген сұрақтың жауабы бір-ақ: адам туралы, адамның әсемдігі мен асыл қасиеттері туралы адам рухының керемет күші мен қасиеті жайлы… Өнер дүниесінің (туындысының) бәріне ортақ мазмұн-адамның ойы, арманы, құштарлығы, мұраты; өнер туындысының қай түрі болсын, әрқайсысы өз тілінде өмірдегі, қоғамдағы адам тіршілігінің мәні мен мағынасын паш етеді.

Адам тағдыры-жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді тунадың өзгеше тәсілі.

Болмыстың көркем көрінісі мен адамды нақты қимыл-әрекет үстіндегі жанды бейнелеу-тек сөз өнерүінің ғана еншісі. Бейнелеу құралы-тіл. Тіл арқылы сөзбен сурет жасалады, яғнио кез келген көркем шығарманың тілсіз өрілуі мүмкін емес.

Көркем әдебиеті тілі-әдеби тілдің ауқымында жасалғанымен, ұғымдық аясы одан әлдеқайда кең. Бұл-оның шығармашылық қызметінен, образды бейнелеуші, кейіпкерді мінездеуші сипатынан туындайды. Өзінің осы ерекшелігіне орай көркем әдебиет тілі екінші және басты ерекшелікке-жалпы халықтық тілдің барлық қабаттарын (диалектілерді, жаргондарды, кәсіби сөздерді) керегінде қамтитын синтетикалық тұрпатқа ие болады.

Көркем әдебиеттің тілі-тіл мәдениетінің, тілдік талғамның ғана тарихы емес, қоғамдық өзгерістердің, әлеуметтік психологияның да тарихы. Өйткені жалпы ұлттық тіл мәдениеті аясында жасалған әр кезең әдебиетінде сол әдебиетті тудырған уақыт ерекшеліктері өзіне тән сөз саптау стилі арқылы таңбаланады.

Әдебиеттің пәні-адамның өмірі, қоғамдық қарым-қатынастар мен алуан түрлі қоғам өміріндегі құбылыстар, өз мінез-бітімімен дараланып көрінетін жеке адамдардың тағдыры. Әдебит қоғам өміріндегі сан қилы шиеленіс, тартыстарды, қақтығыс пен күресті бейнелейді. Сондай-ақ саяси, экономикалық, моральдық тағы басқа талай мәселелерді қорғайды. Алайда оларды дербес талдап кетпей, адамның тағдырын көрсету, кейіпкердің іс-әркетін, мінез-құлқын ашу қажеттілігіне орай, белгілі мөлшерде баяндайды.

Жазушы кейіпкерлер өмір сүретін, әркет ететін қоғамдық ортаны, жағдайды нақты бейнелейді, олардың іс-әркетінің, мінез-құлқының белгілі тарихи жағдаймен байланысын айқындап береді. Әдебиет өмірді көрккем образ арқылы бейнелейді, адамның дараланған характерін жасау, жеке оқиға, жағдайларды суреттеу арқылы қоғамдық өмірдегі аса маңызды заңдылықтарды ашып береді.

Қоғамдық өмірде әдебиет қозғамайтын мәселе, назар аудармайтын жағдайлар аз-ақ, жоқтың қасы. Алайда әдебиет алдымен адамның тұтас тұлғалы бейнесін көрсететін болғандықтан, қоғамдық өмірдегі қай мәселеге болсын эстетикалық қатынас тұрғысынан қарап, оны шығармадағы көрсетілетін нақтылы өмірлік жағдайларға орай бейнелейді. Көркем шығармада өмір құбылысы, оның әр түрлі ерекшеліктері тұтас көрсетілсе де, ненің маңызды, мәнді екені айқын ажыратылып, дәл танылады. Уақиғалардың, адам бейнесінің әдебиетте нақтылы сереттеледі, оқырманға өмірдің өзін көріп отырғандай әсер беріп, шығарманың ой-сана күшті ықпал етуіне мүмкіндік береді. Әдебиетте қоғам өмірі, тарихи даму пройесі үнемі алға қарай бастайтын тура тартылған жол сияқты болып жатпайды, қайшылығы мол қиын жағдайлар, қақтығыстар, адамдардың тағдыры арқылы көрінеді. Жекелеген жағдайлар, сан түрлі адамның өмір-тағдыры арқылы жазушы қоғамдық заңдылықтардың, әлеуметтік құбылыстардың сырын ашып береді.

Әдебиет адамның байқағыштық, сезімталдық, көркем ой-қиялдан ләззат ала білу секілді қабілеттерін күшейте түседі, эстетикалық сезімін байытады. Әдебиет адамды биік қоғамдық идеялдар, зор арман-мұратарға жетелейді. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, табандылыққа баулиды, адалдық үшін күресуге жігерлендіреді. Оқырман әдеби шығармадан әлеуметтік мәселелерге жауап-шешім іздейді. Ендеше, көркем әдеби шығарма өзінің үлкен қоғамдқ, тәрбиелік маңыздылығымен де эстетикалық сезімімізге әсер етіп, өмірдегі адамның бойындағы, мінезіндегі, әдемілікті, әсемдікті қалай түсіну керектігін үйретеді.

А.Байтұрсыновтың «Әдебиеттанытқышы», ең алдымен, сөз өнерінің табиғатын, өнердің басқа түрлерінен айырмашылығын, артықшылығын сөз етеді.

…Сөзбен сымбаттаудың я кескіндеудің үлгісін көрсету үшін автор Абай өлеңдерінен мысалдар келтіреді. «Әдебиет танытқышта» ауыз әдебиетінің ең шұрайлы, ең бейнелі, мазмұны мен көркемдігі бай үлгілерін пайдаланған. Ағартушы өз айтқандай, «адамның насихатшысы» ретінде қазақ халқының көркем ойлау жүйесіндегі рухани қадір-қасиеттерге, жақсылық пен жамандық тартыстарына, ерлік пен батырлқ істерге, бірлік пен ынтымақ, сұлулық сырларын бейнелеген үлгілерген көбірек көңіл бөлген.

…ауыз және жазба әдебиеттің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық, әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөледі.

Әдебиет-сөз өнері

Суреткерге тән ерекшеліктер

Сезім. Нәзік сезімталдық

Бақылау. Жіті бақылағыштық

Қиял. Творчестволық фантазия

Интуиция. Сезімталдық

Өмірбаян. Тәжірибе молдығы

Парасат. Сананың саралығы

Шеберлік. Өнердегі шын шеберліккеапарар жол-еңбек. Шеберлік шексіз.

Шабыт. Шалқыған шабыт болмаса, шеберліктенде ештеңе шықпайды. 

Суреткерлік сипаты оның азаматтық рухынан, қоғамдық бітімінен басталады. Демек, оның жеке өз басының дара асиеті, оның рухани жан дүниесі, әлеуметтік кейпі мен моральдық кескіні, дүниетанымы мен қоғамдық қызметі, білімі мен мәдениеті бір-бірімен ұштасып, бірін-бірі толықтырып, нағыз суретекердің өзіндік болмысын танытады.

Әрбір өнер адамының бәрінен бұрын жаны сұлу, адамгершілігі мол, мінезге бай, білімі терең және мәдениеті биік болуы керек.

Суреткер-өз дәуірінің перзенті, сондықтан ол-қоғғам қайраткері, өйткені қаламгерлік-қоғамдық іс. Әдебиеттің қоғамдық мәнін сөз еткенде, оның танымдық маңызын аттап өту мүмкін емес. Көркем шығарма адамға өмірді танытады, таныта тұра тәрбиелейді. (М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы туралы камерун жазушысы Бенжамен Матиптің пікірін келтіру) көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына ықпал етеді, тұрмыс-тіршілігіне әсерін тигізеді. (М.Өтемісұлынан, С.Мұқановтан, М.Мақатаевтан, Ә.Нұршайықовтан мысалдар айту)

Көркем әдебиеттің құдіретті күшін, немес, оның өмір таныту, атәрбиелеу жапйын ғана емес, күллі қоғамдық өзгертушілік қасиетін түсіну үшін, оның эстетикалық тбиғатын тану қажет. Эстетика-жан тебірентер, адамды баурап алар әсем әсер. Әдеби шығарма аамның күллі ой-қиялын, сыр-сезімін түгел баурап алар әсем әсері. Әдебиеттің әлеуметтік мәнін, оның қоғамдық-өзгертушілік күшін осы тұрғыдан түсіну шарт.

Сөз өнері-қоғамдық сананың әрі күрделі, әрі орасан маңызды саласы. Қоғамдық сана (идеология)-белгілі бір таптың мақсат-мүддесіне сәйкес көзқарастар жүйесі. Демек әдебиет-қондырма, яғни қоғамның белгілі бір дәуіріндегі экономикалық құрылысына, базиске негізделеді. Әр дәуірдің әдеиетінде сол дәуірдің ізі сайрап жатады, онда қоғамдық құрылыстағы іс-әрекеттерді даттау не жақтау болады; олардың дамуына ықпал жасайды, я құлдырауына әсер етеді. Демек, әдебиет-тіл сияқты бірнеше дәуірдің жемісі, емес, бір ғана дәуірдің жемісі. Тіл-бәріне ортақ және бейтарап.

Әдебиет-мәдениеттің бір бөлігі, ал мәдениет-қондырма.

Әдебиет-ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы; көркем шығарма өзегі-шындық. Жазушы өмірдегі сан-салалы шындықтан зінің суреткерлік мақсатына керегін ғана таңдап, шығармасына арқау етеді. Ол өмір құбылыстарын өзінің дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан саралайды. Ал суреткердің бл қасиеттерін ол өмір сүріп отырған қоғамдық орта белгілейді. Ол өзі қаласын-бәрі-бір, белгілі бір «таптың көзі, құлағы мен үні» (Горький) болмақ. Демек-әдебиет таптық. Әдебиеттің таптығының жоғары түрі-әдебиеттің халықтығы.

Пайдаланатын әдебиеттер

А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» Кітапта: А.Байтұрсынов шығармалары. А.,1989

З.Ахметов «Өлең сөздң теориясы» А., 1973

Қ,Жұмалиев «Әдебиет теориясы» А., 1969

ЖАРАЙСЫҢ
0 дауыс
сокрашенно есть
...