0 дауыс
6.3k көрілді
"Айтыс қазақтың төл өнері" деген тақырыпқа шығарма?

1 жауап

0 дауыс

Айтыс қазақ халқының төл өнері ретінде ЮНЕСКО-ның қорғауына өтетін болды

Айтыс қазақ халқының төл өнері ретінде ЮНЕСКО-ның қорғауына өтетін болды. Еліміз жуырда ғана мәдени мұраларды қорғауға қатысты конвенцияны ратификациялады.

Енді ЮНЕСКО осы құжат арқылы Қазақстанды ұлттық құндылықтарды қамқорлығына алуға міндеттеп отырмақ. Ал, мәдени мұралар тізімін айтыспен бірге Қыз Жібек сынды ауыз әдебиетіміздің құнды туындылары, қыз қуу сынды ұлттық ойындар мен ұлттық тағамдарымыз толықтыра түспек.

Айтыс ЮНЕСКО-ның материалды емес мұралырының тізімін толықтыра түспек деген, ақпарат айтыс сүйер қауымды бір серпілтіп тастады. Материалды емес құндылықтарымызды қорғау туралы заң бекіді. Енді халықаралық ұйымға ұлттық

ҒАЗИЗ ТЕЛЕБАЕВ - ҚР МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Қазақстан қазір ЮНЕСКО-ның конвенциясына қосылды. Жуырда қосылдық. Материалдық емес құндылықтарды қорғау туралы конвенцияға. Бұл біріншіден, өте жоғары-деңгейге көтеріледі деген сөз айтыс өнері. Екіншіден, қорғалады деген сөз. Дәріптеуге, насихаттауға сондай-ақ басқа елдерге шығаруға ықпал жасалады ЮНЕСКО тарапынан".

Алайда бөркімізді аспанға ату ертерек екен. Айтыс біздің төл өнеріміз еді деп ЮНЕСКО-ға жалғыз шыға алмайды екенбіз. Халықаралық ұйымға Қытаймен бірлесіп бармақпыз. Қытайда тұратын екі млн қазаққа жанашырлық танытқан аспан асты елінің өкілдері Астанаға келіп, айтысты қорғау үшін ЮНЕСКО-ға бірге шығуды ұсыныпты.

ШЫРЫМБЕК ҚОЙЛЫБАЕВ - ПРЕЗИДЕНТ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"ЮНЕСКО-ға ұсыну мәселесі ел тарихында, тәжірибеде болмаған. Сондықтан Қытайдың тәжірибесімен бірлесіп ұсынсақ деген мәселе туындап отыр. Біздің мемлекет қосылып ұсынбаған күнде-де Қытай мемлекеті өз атынан ол жерде-де қазақ ұлтының өкілдері тұрады ғой. Сол халықтың атынан ұсынуға талап білдіріп отыр".

Яғни біз тартынсақ та, қытайлықтар айтысты ЮНЕСКО-ға өз елінде тұратын қазақтар атынан тіркетіп алмақ. Олар бұған дейін қырғыздың Манас жыры мен ұйғырдың "Махам" атты мерекелік әнін меншіктеп алыпты. Өз елінде тұратын аз ұлттардың өнеріне олар осындай қамқорлық көрсетеді екен.

СЕРІКЗАТ ДҮЙСЕНҒАЗИН - АЙТЫСКЕР, АҚЫН:

"Қытайдың атынан тіркелгенін қаламаймын. Жалпы айтыстың энескоға тіркелгенін қолдаймын. Қытай бірдеңе ұта ма? Енді сондай саясат болып тұр ғой. Кім білсін асытында не барын. Қытайда айтысқа қатысқан, ақындар бас жүлде алса, өмір бойы зейнетақы алады. Қытайда аз ұлттар басын біріктіріп ұстау үшін осындай саясаттатырының аясындағы мәселе".

Десе-де сең қозғалды. ЮНЕСКО айтысымызды мәдени мұраларының тізіміне қосса, онда бекзат өнерімізге ешкім таласа алмайды. Бүгінде тиісті құжаттар әзірленуде. Жоспар бойынша, мамандар арнайы ұсыныспен халықаралық ұйымға 2012 жылдың наурызында шықпақ.

Қымыз бен қазымызды - немістер, шұбатты - еврейлер, көкпарымызды - қырғыздар заңды тіркеп алғаны жұртқа белгілі. Енді олардың зияткерлік меншігі әлемдік-деңгейде қорғалады. Мәселен қымыз экспорттағыңыз келсе немістерден рұқсат алып, табысыңыздың бір бөлігін төлеуіңіз қажет. Ештен кеш жақсы. Өзге ұлттар алдымызды орап кетпей тұрғанда төл өнеріміз айтысты заңдастырып алу қажет. Бірақ ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатан бұл аманатты енді Қытай елімен бөлісіп меншіктеуге мәжбүр болғалы тұрмыз.

...