0 дауыс
12.8k көрілді
Азамат болу парызың туралы шығарма?

1 жауап

0 дауыс

Біздің сыныпта «Азамат болу деген не?» атты сынып сағаты өтті. Бұл сабақта әрбір азаматтың қандай құқығы мен міндеті бар екендігін түсіндік. Сабақты жарыс түрінде өткіздік. Мұғалім бізге азаматтың құқығы ғана емес азаматтық парызы да бар екендігін түсіндірді. Менің ұққаным бойынша әрбір азаматтың төлемақысыз білім алуға, дәрігерге қаралуға, бір-біімен қарым-қатынас жасауға т.с.с. құқықтары бар екен. Менің атам айтқандай «...әрбір азаматтың бір құқығы болса, екі міндеті болады. Ол дегеніміз : қазір білім алып оқысақ, ертеңгі күні біз біріншіден Қазақстанның нағыз азаматы боламыз, екіншіден: ата-анамыз алдындағы парызымызды өтеу керекпіз. Бұл әр азаматтың борышы.

Бірақ нағыз азамат болу оңай емес екен. Ол үшін адамгершілік, жауапкершілік, әдептілік керек екен.

Еліңнің нағыз азаматы болу үшін Қазақстанның заңдарын біліп, сақтау керекпіз. Біздің елде әр азамат он төрт жастан бастап істеген ісіне жауапты болады. Мұндай заңдылық біздің қазақ жерінде сонау Әз Тәукенің тұсындағы «Жеті жарғыдан» басталған.Ата заңын ардақтай алмаған азамат, елінің де қадіріне жете алмайды.

Біз жастар – еліміздің болашағымыз. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға біз міндеттіміз.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
...