+1 дауыс
15.2k көрілді
Тәуелсіз дегенді қалай түсінесіндер?

9 жауап

+1 дауыс
Тәуелсiз адам - ешкiмге бағынышты емес адам. Тәуелдi адам өз еркi өзiнде емес адам Тәуелсiз мемлекет ол Казақстан!
0 дауыс

Тәуелсізбен Тәуелді ажырату оңай Тәуелсіз Бостандық,Еркіндік Мысалы Кеңес одағына тәуелді болған Қазақстан қазір тәуелсіз болды.

Енді тәуелді деген 1 ел 1 елге тәуелді болу.

Ааа айтпақшы есірткіге тәуелді болу деген бар  

 

0 дауыс
Тәуелсіз дегеніміз ол  тәуелді болмау! немесе
+1 дауыс
"Тауелсіз - ешнәрсеге бағынышты емес, өз еркі өзінде, өзі қалағанын жасай алатын" деген мағынадағы сөз.
+1 дауыс

Кей сөздер айтыла-айтыла жауыр болады. Қанша жерден қымбат, құнды, асыл ұғымды білдіретін болса да, кім көрінгеннің аузында жүретін сөздермен бірге «жексұрынға» айналады.

Есімізді білгелі Тәуелсіз Қазақстан деген тіркесті естіп өстік. Оны Президенттен бастап, аудан, ауыл әкімшіліктерінің аппарат жетекшілеріне дейін, Мағауин мен Шахановтан бастап, мектеп мұғалімдеріне дейін айтты. Айта берді-айта берді. Ақыр аяғында тәңіршілмін деп отырып, тамақ ішіп болғанда «Аллаһу-акбар» деп, түк ойланбастан бет сипай салатын адам секілді «Тәуелсіз елміз, бақыттымыз» деп сөйлей беретін болдық. Сөйлей бердік-сөйдей бердік. Әсілі, Совет үкіметі кезіндегі партия айтқан сөзді солай қайталай беретін дәстүрдің жалғасы болса керек бұл…

Өзіміз байыбына бармай жатып, Тәуелсіздік туралы сөйлегіміз келеді. 86-жылы 17-желтоқсанда нақты не болғанын білеміз бе? Қайрат Рұсқылбековтың екі ауыз өлеңін жиырма екі жыл бойы айтып келе жатырмыз, одан басқа деректі көбіміз білмейміз-ау сол… Желтоқсан оқиғасына дейін тәуелсіздік үшін қандай ұмтылыстар болды? Құдай бізге еркіндікті қай ерлігіміз үшін берді? Осындай нығметті біз қаншалық бағалап отырмыз? Жұрттың алдында сөйлеу үшін емес, жай ғана, оңаша отырып ойланып көрейікші осы?

0 дауыс
Ешкім де тәуелсіз емес )) Бәріміз де бір-бірімізге тәуелдіміз. Бала ата-анасына, қызметкер бастығына, бастық мекеменің міндеттемелері мен жоспарларына, салымшы мен кредитор банкке, әйелі күйеуіне, күйеуі салт-дәстүрлерге, қариялар балалары мен мемлекетке тәуелді. Таза тәуелсіз мемлекеттер жоқ. Мысалы, АҚШ-тың өзі БҰҰ, НАТО, ДСҰ, ОПЕК, Халықаралық Валюта қоры деген сияқты құрылымдар мен ұйымдарға тәуелді. Европа елдері Ресейдің мұнайы мен газына тәуелді. Жапония мен Қытай импорт пен экспортқа тәуелді.
0 дауыс
Тәуелсіз деген-азат, бос
0 дауыс
Мемлекет үшін айтылар сөз: тәуелсіздік бағасы, құны жоқ байлық.
0 дауыс

Тәуелсіз мемлекет елдің

еркіндікте болуы 

...