Ешкім де тәуелсіз емес )) Бәріміз де бір-бірімізге тәуелдіміз. Бала ата-анасына, қызметкер бастығына, бастық мекеменің міндеттемелері мен жоспарларына, салымшы мен кредитор банкке, әйелі күйеуіне, күйеуі салт-дәстүрлерге, қариялар балалары мен мемлекетке тәуелді. Таза тәуелсіз мемлекеттер жоқ. Мысалы, АҚШ-тың өзі БҰҰ, НАТО, ДСҰ, ОПЕК, Халықаралық Валюта қоры деген сияқты құрылымдар мен ұйымдарға тәуелді. Европа елдері Ресейдің мұнайы мен газына тәуелді. Жапония мен Қытай импорт пен экспортқа тәуелді.