0 дауыс
531 көрілді
Мемлекеттік органға берілетін жазбаша өтінішке қойылатын талаптар?

1 жауап

0 дауыс
Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс.

Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, почталық мекен-жайы көрсетіледі.

заңды тұлғаның өтiнiшiнде – оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Өтiнiшке арыз иесi қол қоюы не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиiс.

Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.
...