ЖОО орнына түсе алмай қалсам не болады?

0 дауыс
668 қаралым
Мен оқуға түсуге барынша дайындалудамын. Құдай Сақтасын, бірақ <<Oқуға түсе алмай қалсам,не болады, не істеймін?>> деген сұрақтар маза берер емес. Мұны ойласам тынысым тарылып, өзімнен өзім жылағым келеді. Бұл қорқыныштан қалай арыламын, өз ойларыңызды айтсаңыздар.
Өмір, Тіршілік

4 жауап

0 дауыс
Осы туралы массагет сайтында жақсы мақала бар еді http://massaget.kz/bt/18796
0 дауыс
Оқуға түсе алмай қалсаң ештеңе етпейді. Түскен күннің өзінде төрт жыл оқисың. Одан соң жұмыссыздықтан аман қалу үшін мәгәстірге түсуге мәжбүр боласың. Жұрттың баласы көліж бітіріп-ақ тәуір қызметтерде жүр. Оқуға түсе алмай қалсаң да өмір жалғаса береді. Бастысы, өмір - сенікі. Біреуден ұят болады, әке-шешем жылайтын болды деген сылтаумен өз өміріңді қорлауға болмайды. Әке-шешеңнің, жұрттың өмірі - басқа, сенікі - бөлек.
0 дауыс
Қазірден жақсылап дайындал. Ең бастысы ойлай берме. Және де универ жазар кезде күшті универлерді емес ұнамаса да балың жететін универлерді жаз. Сонда түсесің.
0 дауыс
Бір амалын табармын деп өзіңді алдап қой да Универге түспей қалсам басқа Варианттар тауып қой солай үрейді басуға болады!
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

127,720 сұрақ
322,372 жауап
153,238 пікір
72,716 қолданушы