+2 дауыс
1.0k көрілді

image

Samsung Electronics Қазақстан, SZH.KZ пен KEREKINFO.KZ сайттары бірігіп ұйымдастырған «Үздік кино сыншысы» атты конкурсына қатысуға шақырамыз. Ол үшін өзіңіздің сүйікті фильміңіз, не жақында көрген жаңа киноңыз туралы пост жазуыңыз керек. Отандық кино ма, әлде шетелдік фильм бе; быт-шытын шығарып, сынап тастайсыз ба, әлде асқақтатып, мақтап жібересіз бе – өз қалауыңыз.

Жеңімпазға арналған сыйлығымыз - HT-F5550K/RU деген күшті үй кинотеатры.

http://www.samsung.com/kz_ru/consumer/audio-video/home-theater/floor-type/HT-H5550K/RU?cid=kz_ru_email_szhkz_ht-h5550k_26082014

Бір ғана міндетті шарт бар:

Әлеуметтік желілердегі біздің ресми http://vk.com/samsungkazakhstan мен https://www.facebook.com/SamsungKZ деген топтарымызға жазылуыңыз керек.  Біз тексереміз J

Тағы бір шарт емес, ниетіміз:

Постыңызда біздің керемет саундбарымыз туралы жазып жіберсеңіз, күшті болар еді! Ол туралы толығырақ: http://www.samsung.com/kz_ru/consumer/audio-video/home-theater/floor-type/HT-H5550K/RU?cid=kz_ru_email_szhkz_ht-h5550k_26082014

Samsung Electronics Қазақстан конкурстың шарттарын өзгерте алады. Бірақ, жүлдесі өзгермейді және ақшалай берілмейді. Байқауға ұйымдастырушылар және оларға қатысты адамдар қатыса алмайтынын ескертеміз.

Байқау 26 тамыздан бастап қыркүйектің 8-не дейін жалғасады. Жеңімпазды 9 қыркүйекте жариялаймыз.

Сәттілік тілейміз!

p.s.

Киноға қатысты рецензияңызды осында Кино санатына сұрақ ретінде жазсаңыз болады. Санатты міндетті түрде Кино санатына жазыңыз. Блог ретінде жазылғанымен жазба болашақта Сұрақ-Жауап сайтының ішінен ашылатын Блогқа ауыстырылатын болады.

Сәттілік!

https://surak.baribar.kz/486374/%D1%88%D0%B5%D1%80%D0%BB%D0%BE%D0%BA-%D0%B1%D1%80%D0%B8%D1%82%D0%B0%D0%BD-%D1%81%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B?ra_notification=22277#a486435

12 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Байқауға қатысу үшін SZH.KZ сайтындағы "Кино" санатында өзіңізге ұнайтын фильмге, не соңғы көрген фильміңізге рецензия жазып (талдап, несі ұнағанын-ұнамағанын айтып көлемдірек, тарқатып көрсетіп), осы сұрақтың астына келіп, пікір ретінде сілтемесін тастап кетуіңіз керек. "Кино" санатындағы рецензияның бәрі ұйымдастырушылар күн санап қарап, талдап отырады.
+1 дауыс
Оооооу, керемет! Мен міндетті түрде қатысамын. Көптен бері бірер фильмге назым болып жүр еді.
0 дауыс
Суракты казакша тилмен абеби кадимги тилмен тусиндирсе
+1 дауыс
Мен де жазамын міндетті түрде.. П/С: 9-қыркүйек менің туылған күнім, сыйлықты маған бере салсаңыздар қалай болар екен?)))
Жақсылап жазсаң мүмкін сен жеңіл қалатын шығарсың.
0 дауыс
Ербол саған сұрақ. Біздің құқық қорғалы ма? Яғни кейіннен фильмнің режиссерлары үстімізден арыз жазып жібермей ме?
Рецензия жазылғаны үшін осы уақытқа дейін біреуді соттапты деген шағымды көрмеппін. :)
0 дауыс

Осындай  рецензия жарайма?

Көшірілген жазба жарамайды өкінішке орай.
Wikipedia-дан алдым кейбіреулерін, болмай ма не?
Толық көшірілгені анық.
+1 дауыс

Міне менің жазғаным: https://surak.baribar.kz/485576

0 дауыс
Ал телехикаяларға сын жазса бола ма?
Жазыңыз.
0 дауыс
Ұйымдастырушыларға сұрақ: бұрынғы киноларға #рецензия жазуға бола ма?
Бұрынғы қазір деген шарт жоқ, қалаған киноға жазуға болады.
+1 дауыс
Аталған екі әлеуметтік желінің екеуіне де жазылу керек пе? Мысалы мен тек Вк ғана қолданамын, Фейсбуктағы тобына жазылмасам шартты орындамаған болып шығамын ба?
Жоқ міндетті емес. Бар әлеуметтік желіде жазылсаңыз жарайды. Яғни ВК-дағы әлеуметтік желіге жазылып осында Рецензияңыздың сілтемесін сала кетіңіз.
Рахмет! Самсунг желісіне жазылдым, Рецензия кино санатында, Пікірге сілтемесін қалдырдым. Меніңше шартты толық орындаған сияқтымын. 9 қыркүйекті күтейін)
0 дауыс
Рецензия: Өкіл әке (Крестный отец)

https://surak.baribar.kz/488289/
0 дауыс
Жеңімпазды жариялады ма?
...