0 дауыс
250 көрілді

Қаржы мәдениеті бағдарламасы гранттар конкурсын қатысасыздар ма? 

Kaspi bank пен ХЭСА қоры «Қаржы мәдениеті» бағдарламасының аясында жалпы бюджеті 180 000 000 теңге болатын гранттар конкурсын өткізуде. 

Конкурстың басты мақсаты – қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыратын жобаларды қолдау.
Конкурсқа жеке, заңды тұлғалар да қатыса алады. Жобалар қысқа мерзімді (үш айға дейін) және орташа мерзімді (алты айға дейін) аралықта ҚР аумағында жүзеге асырылуы керек. 

Конкурсқа ұсынылатын жобалар Депозиттер және ақша қаражатын сақтау; Несиелер және несие тарихы; Отбасы бюджетін жоспарлау және басқару;Қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтары; Банктік шарттар, банктермен өзара қарым-қатынас орнату тақырыптары аясында қазақстандықтардың қаржылық білімінің артуына, ақпарат алуына әсер ете алуы тиіс.

Жобалар қысқа мерзімді (үш айға дейін) және орташа мерзімді (алты айға дейін) болуы қажет.
Қазақ тіліндегі және өңірлерде жүзеге асатын жобалар басымдылыққа ие. Өтініш беруші 500 000 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейінгі көлемде грант ала-алады. Өтінімдерді қабылдау – 2014 ж. 1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

http://www.kaspibank.kz/kaz.php?f=show&ft=245&type=249&id=100674568659

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...