+2 дауыс
671 көрілді

Детектив десе ішкен асын жерге қояр жандардың "Шерлок Холмс"-ты білмеуі мүмкін емес десем артық кетпеспін. Нағыз детективтің біртума туындысы болған бұл кітап - Сэр Артур Конан Дойлдың еңбегі болып табылатыны да, детективке жаны жақын адамдарға белгілі. Сонау 1891 жылы басылымға шыққан туынды арада бір ғасыр өтсе де оқырмандарын жалықтырған емес. Осының бірден бір дәлелі -  Ұлыбританияда 2010 жылы түсірілген "Шерлок" телесериалы. Бұл сериал "Егер Шерлок Холмс 21 ғасырда болғанда қандай болар еді" деп қиялға ерік берген оқырмандардың ойларын іске асырған керемет туынды. Стивен Моффат пен Марк Гэтисстің ойлары бір жерден шығып, нағыз керемет телесериал түсірді. 2011 жылдың ең үздік сериалы атағын да лайықты түрде жеңіп алды.

         Бұл сериалды алғаш көргенде "бір жарым сағат болатын неткен ұзақ серия" деп ойлаған едім. Көріп отырып сол бір жарым сағаттың қалай өткенін байқамай қалыппын. Сол мезетте бірінші және екінші маусымдарын толықтай көріп шықтым. Енді үшінші маусымды көрем дегенде оның әлі шықпағанын, түсірілімде екенін оқыдым. Мәссаған! Бір күнде 9 сағат бойы сериал көремін деп ешқашан ойламаппын! Ондағы басты кейіпкерлердің диалогтары, эмоциялары, мимикалары, шытырманға толы оқиғаның өрбуі көрерменді еріксіз еліктіріп алып кетеді. Сериалда операторлардың, композиторлардың, режиссерлердің еңбектерінің нәтижесі анық көрініп тұрды. Басты кейіптер Шерлок Холмс (Бенедикт Кемпербетч) пен доктор Ватсонмен (Мартин Фриман) бірге жүргендей сезініп, ұсақ-түйекті жіберіп алмауға, аса мән бермейтін детальдарға назар аударып, арасында байланыс іздеп, уақытша болсын өзіңді детективтей сезінесің. Әр сәтке байланысты саундтректер ойнаған кезде, сол жердің атмосферасын толықтай сезіне аласың. Осының барлығын актерлер мен кадр сыртындағы адамдар көрермендерге толықтай жеткізе алды. 

         "Шерлок" нағыз мақтауға тұрарлық сериал, оған тек көрмеген адам ғана мін таға алады.

SH

4 жауап

0 дауыс
Өте жақсы сериал. Маған қатты ұнады. Жақында 2 сезоны шығады деп еді, бірақ әлі ешқандай жаңалық жоқ.
Негізі 3 сериядан 3 сезон шығып қойды, Ал 4 сезоны түсірілімде...
Ия қателестім. 4 сезоны дегенім ғой :)
Осының санатын блогқа ауыстыру керек еді)
Ия. Осындай жазбаларды Блогқа көшіріп жазсаң болады. :)
Кино блогқа бірінші жазбаны өзің салатын боласың. https://surak.baribar.kz/blogs/%D0%BA%D0%B8%D0%BD%D0%BE
0 дауыс
Бұл рецензия сайысына арнайы жазылған сияқты. Иә жақсы жазыпсың, осылай жаза берсең керемет блогер болатын сияқтысың. Керемет!
+1 дауыс
Меніңде сүйікті сериалым. Ең алғаш көргенде менде сен сияқты әсерде болғанмын. Сайтта сайыс болып жатыр екен, сол сайысқа арнап жазған жазбаң болса жеңіп кетуіңе сәттілік!

Мына әуенін тыңдай бергім келеді

Сайыс жеңімпазы анықталып қойды) Ал мына өлеңді звонокқа қойып қойғанмын)
Анықталып қойылғанба?! =) Сайтқа анда-санда кіретіндіктен сайттағы жаңалықтардан хабарсызбын.
0 дауыс
Достар Шерлоктың қазақша нұсқасы барма, қаидан табуға болады. Өтініш...

Ұқсас сұрақтар

...