0 дауыс
326 көрілді
Порталдан алынған мекенжай анықтамасы мен зейнетақы қорынан үзінді жазбаны Темірбанк, Альянсбанк қабылдамайды

1 жауап

0 дауыс

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған мекенжай анықтамасының нысаны «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметінің стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 қаулысымен бекітілген.

Салық төлеушінің міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық берешегінің болмауы (болуы) туралы анықтамасын беру нысаны «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызметінің стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 501 қаулысымен бекітілген.

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 7 бабының 1 тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталында (бұдан әрі – Портал) алынған/орналасқан электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей болып келеді. Яғни электрондық құжат заңды күші бойынша қол қойылған және мемлекеттік органның мөрі бар қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей болып табылады және оны мемлекеттік органдар мен ұйымдар сөзсіз қабылдайды.

Электрондық құжат көшірмесінің легитимдігін растау үшін банктің қызметшісі Порталда тексеру функцияларын пайдалана отырып, электрондық құжаттың болуын дербес тексере алады.

Осыған байланысты Портал арқылы берілген Мекенжай анықтамасы мен салық төлеушінің міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық берешегінің болмауы (болуы) туралы анықтамасы электрондық құжаттар болып табылады, ал банктер мен өзге тұлғалар электрондық құжаттардың қағаз жүзіндегі көшірмелерін легитимді құжаттар (қосымша деректемелерсіз: мөр немесе мөртабан белгісі, қолмен қойылған қолтаңба) қабылдауға міндетті болып табылады.

...