+1 дауыс
7.2k көрілді
Маған дәрігерлік мамандықтардың анықтамасы керек.
Мысалы: стаматолог-тіс емдеуші,тіс жулушы дәрігер.
Оқу орындарын,қанша жыл оқитынын жаза кетсеңіз де артық болмайды.

<font color='red'>Ескерту: мына сілтемеде бар деген қажет емес бәрібір ақтарып таба алмадым, және толық, нақты, қазақша әріптермен жазылған жауап күтемін</font>

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Стоматология мамандығы бойынша оқу мерзімі 5 жыл (медицина бакалавры) немесе 5 жыл + 1 жыл интернатура (жалпы тәжірибелі дәрігер-стоматолог квлификациясы беріледі. 5 жыл оқуын аяқтаған бітіруші клиникалық тәжірибеге қатысы жоқ мамандық бойынша жұмыс істегісі келсе, оған стоматология бакалавры академиялық дәрежесіне ие жоғарғы медициналық білім туралы диплом,оқытылатын пәндер тізімі, бағалары, меңгерілген академиялық сағаттар көлемі көрсетілген академиялық анықтама беріледі. (5+1) мамандығы бойынша оқу бітірушіге жалпы деңгейдегі стоматолог-дәрігер біліктілігі берілгені көрсетілген интернатураны бітіргені туралы куәлік пен оқытылған пәндер тізімі,бағалары,меңгерілген академиялық сағаттар саны көрсетілген академиялық анықтама.Оқуын аяқтаған бітіруші,жалпы тәжірибелік стоматолог-дәрігер ретінде заңнамада бекітілген тәртіпке сәйкес қызмет атқаруға жіберіледі.Оқуын аяқтаған бітіруші әрі қарай магистратура немесе ризедентурада оқуын жалғастыруға құқығы бар.
тағыда басқа саласы барма?
051301 - Жалпы медицина

Оқу мерзімі 5 жыл (медицина бакалавры) немесе 5 жыл + 2 жыл интернатура ( дәрігер квалификациясы тағайындалады) 5 жылдық оқуды тәмамдаған бітірушіге клиникалық іс-практикамен байланысты емес өз мамандығы бойынша жұмыс жасау үшін жоғары медициналық білімді «бакалавр» академиялық дәрежесіне иегер дипломмен бірге оқу жоспары бойынша игерілген несие және академиялық сағаттар көлеміне сай меңгерген пәндер тізімі мен бағалары туралы академиялық анықтама (транскрипт) беріледі. Медицина бакалавры оқуын магистратурада жалғастыра алады. 5 жыл + 2 жыл интернатураны тәмамдаған тұлғаға жоғары білімді білікті дәрігер дипломы беріледі. Осы дипломмен бәрге оұу жоспары бойынша игерілген несие және академиялық сағаттар көлеміне сай меңгерген пәндер тізімі мен бағалары туралы академиялық анықтама , интернатурада дайындықтан өткені туралы куәлік беріледі. 5 жыл + 2 жыл интернатураны тәмамдаған бітіруші заң тұрғысынан бекітілген жалпы дәрігерлік практика мен гигиена-эпидемиология бағытында дәрігер ретінде дербес практикалық қызмет етуге рұқсат беріледі. 5 жыл + 2 жыл интернатураны тәмамдаған бітіруші магистратура немесе резидентурада білімін жалғастыруға құқылы.

051102 - Қоғам денсаулығын сақтау

 Оқу мерзімі 5 жыл.( қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры академиялық дәрежесі тағайындалады.) «Қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры» академиялық дәрежесін берумен жоғары білімі туралы диплом, меңгерген пәндер тізімі мен бағаларымен, игерілген несиелер мен академиялық сағаттар көлемі көрсетілген академиялық анықтама (транскрипті) беріледі. Бакалавриатта оқуды аяқтаған бітіруші қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастырушы немесе гигиена және эпидемиология маманы ретінде дербес практикалық қызметке жіберіледі. Бітіруші оқуын әрі қарай магистратурада жалғастыруға құқылы.

051101 - Мейірбике ісі

«Мейірбике ісі бакалавры» академиялық дәрежесі тағайындалады. «Медицина мейірбикесі» біліктілігі беріле отырып, жоғары базалық білімі туралы дипломы мен бірге оқу жоспары бойынша игерілген несие және академиялық сағаттар көлеміне сай меңгерген пәндер тізімі мен бағалары туралы академиялық анықтама (транскрипті) беріледі. «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша оқуды тамамдаған түлек заңдарға сәйкес бас дәрігердің Мейірбике ісі бойынша орынбасары, жетекші медбике, мейірбикелік күтім ауруханасының, хоспистің, денсаулық пунктінің меңгерушісі, ЕАМ бөлімшесіндегі жетекші медбике, медициналық колледждерде мейірбике ісі мамандығын дайындайтын оқытушы қызметтерін атқара алады. Мейірбике ісі бакалавры оқуын магистратурада жалғастыруға құқылы.
0 дауыс

9 дан кейін Талдықорған Медколледжіне туспек ойым бар. Бірак кейін тағы өкініп калам ба деп ойлаймын. Биыл мен 9 сынып оқушысымын сол үшін де шешім қабылдауым керек. Маған осы колледж туралы білетіндеріңіз болса немесе басқа 9 сыныптан кейін қандай колледжге кай мамандыққа тапсыруға болатынын, 9 кеткен дұрыс па жоқ па өз ойларыңызды айта кетсеңіздер жақсы болар еді...

...