0 дауыс
Заңды тұлға ретінде тіркелген нысанның мекенжайы өзгерген кезде құрылтайшылық құжаттарды жаңарту керек пе? Мекенжайдың ауысқанын ескертуге тиістімін бе?
28.04.2015 376 қаралым

1 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі №112 бұйрығымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуге алу туралы нұсқаулықтың 35-тармағына сәйкес, заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бір облыстан келесі облысқа немесе Астана, Алматы қалаларына, бір ауданнан келесі ауданға ауысқан кезде, сонымен бірге, жаңа жарғы қабылданғанда және заңды тұлғалар бірігу арқылы қайта құрылған кезде, оның құрылтайшылық құжаттарына өзгеріс енгізіледі де, бұл өзгеріс тіркеуші органға ескертіледі. Өзгеріс туралы тіркеуші органға бір ай мерзімнен кешіктірмей хабарлау керек.
28.04.2015

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы