0 дауыс
617 көрілді
Әлеуетті клиент Сіздің тауарңыз/қызметіңіз туралы білуі үшін не істеу қажет?

1 жауап

0 дауыс

Ерте ме кеш пе клиенттер Сіздің тауарыңыз және қызметіңіз туралы біледі. Бұл жерде сұрақ, клиенттерге бұл жеткілікті ме. Әрине, клиент тек Сізге баруы үшін оларды тарту туралы қызметтер тұрақты болуы тиіс.

Сонымен, Сізге тауарларыңызды және қызметіңізді жылжыту бағдарламасын жасау керек. Бұл мақсаты, мерзімі, бюджеті көрсетілген барлық іс-шаралар, яғни Сіздің «жылжыту бағдарламаңыз». Әрі қарай, клиент Сіздің тауарларыңыз және қызметіңіз туралы білсін десеңіз, ақпараттық міндеттерді шешуіңіз керек: Сіздің кәсіпорныңыз/тауарыңыз/қызметтеріңіз туралы хабарламаны қайда және қалай және қандай жиелікпен жасау керек. Адамдардың ақпаратты қабылдау аймағының кейбірін зерттеуде орташа алғанда сатып алу үшін жарнама хабарламасы бар 6 клиенттедің байланысын алу қажет. Сонымен, Сіздің тауарыңызды/қызметіңізді жарнама орналастыру туралы шешім қабылдау үшін алдын-ала азғана талдау жасаңыз:

• Бәсекелестер жарнамасына кететін шығынды бағалаңыздар. Қажетті тиімділікті алу үшін Сіздің шығындарыңыз шамалас болуы керек.

• Сіз құны бойынша сәйкес келетін жарнама орналастыру әдісін «жарнама құны-әлеуетті клиенттар саны» қағидасы бойынша анықтаңыз.

Егер Сіз жарнама орналастыру туралы шешім қабылдасаңыз, онда Сіз материалдардың орналасуын қадағалауыңыз керек. Сату деңгейін бақылап отырыңыз. Егер сатылым өспесе оның себебін жедел талқылаңыз. Сіз таңдаған жарнаманы орналастыру әдісі тиімсіз болып табылуы мүмкін.

...