0 дауыс
374 көрілді
Сізде қанша клиент бар: оларды қалай санауға болады және ол не үшін қажет?

1 жауап

0 дауыс

Клиент терді үнемі санау қажет, олардың саны артуы үшін үздіксіз қадағалау керек !

Тұрақты түрде, тіпті қарапайым түрде клиенттер тізімін жаңалап отырыңыз. Клиенттерді есептеу үдерісінің өзі Сіздің назарыңызды маңызды сұрақтарға аударуға алып келеді: оларды қайда және қалай есептеу керек, олардың қайда тұруын білу керектігі және олар қанша сатып алады және т.б. Сізге қажетті клиенттар туралы мәлеметтердің азғана топтамасын анықтаңыз. Мәлеметтерге арналған нысанды дайындаңыз, бұл нысанмен сатушылардың барлығын таныстырыңыз және ең бастысы бұл базаны тұрақты түрде саралап отырыңыз. Егер Сіз шын мәнісінде клиенттарды көбейтумен айналыссаңыз, онда ішкі арифметикадан бөлек, Сіз клиенттің жүріс-тұрысы туралы білуіңіз керек: клиенттер Сізді неліктен және қалай тауып алды, бәсекелестерден емес, неліктен тек Сізден сатып алады. Сөз жоқ, әмбебап жауаптарды кездестірмейсіз, бірақ әрқашанда жұмыс жасап тұрған қағида бар: мұны кәсіби тұрғыдан айналысатындардан тұрақты сұрап отыру қажет. Мысал ретінде бір «Х» компаниясын алайық, ол өз жұмысын кәсіби түрде компания ақпараттарын жинауға және өңдеуге бағдарланған әлеуетті клиенттар базасын жасаудан бастады. «Х» компаниясы ашық қайнар көздер базасында жасалған тендерлік хабарлама топтамаларын алып іскерлік қатынастарды орнату әдісін тапты.

...