0 дауыс
698 көрілді
Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсушілерге шет тілін білу қажеттігі туралы талап Конституцияға қарама-қайшы деп ойлайсыз ба?

1 жауап

0 дауыс
Жоқ, олай ойламаймыз, Академияның магистратураға қабылдау Ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарында № 109 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың Үлгілік ережелері негізінде әзірленді, онда былай жазылған:
«...13. Шетелдіктерді есептемегенде магистратураға, резидентураға, адъюнтура мен докторантураға қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар оқуға түсу емтиханын тапсырады
1) таңдау бойынша шет тілдерінің бірінен (ағылшын, француз, неміс);
2) мамандығы бойынша.
30-тармақ. Конкурстық балл көрсеткіштері тең түскен жағдайда, қабылдау кезінде мамандығы бойынша аса жоғары баға алған тұлғалар басым құқыққа ие болады, мамандығы бойынша оқуға түсу емтихандарының көрсеткіштері тең түскен жағдайда, мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша аса жоғары баға алған тұлғалар басым құқыққа ие болады...».
Қазақстан Республикасының 27.07.2007 жылғы 319-3 Заңы, 2-тарау. Білім беру жүйесін басқару, 8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер, 2-тармақ.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіби, орта, жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді азамат осы деңгейлердегі білімді алғашқы рет алып тұрса, қамтамасыз етеді.
...