0 дауыс
833 көрілді
Заң қызметін көрсету туралы шартты жасау тәртібі туралы?

1 жауап

0 дауыс

Адвокатпен заң көмегін көрсету туралы шарт жасасуы белгіленген.
Шарт жасасу жазбаша түрде адвокат пен заң көмегін сұрап келген адамның арасында жасалады.
Шартта адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеуді және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерi мен тәртiбi көрсетіледі.

Шарттың бiр данасы заң көмегiн көрсету туралы шарт жасасқан адамға берiледi.
-қорғаушы не өкiл ретiнде тапсырмаларды орындауға қабылдаған адвокаттың тегiн, атын және әкесiнiң атын көрсету;
-адвокаттың қызмет ұйымының нысанын және өзi мүшесi болып табылатын адвокаттар алқасын көрсету;
-тапсырмалардың нысаны;
-адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеудiң және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң мөлшерi мен тәртiбi;
-шартты бұзу тәртiбi мен жағдайлары шарттың маңызды талаптары болып табылады.

Шарт жасасқанда адвокатқа тыйым салынады:
-адвокаттар көрсететiн заң көмегiне iстiң нәтижесiне немесе адвокаттың қызметтiң табыстылығына байланысты ақы төлеу мөлшерiн белгiлейтiн шарттарға немесе үйғарылған соманың бiр бөлiгiн алуға көзделген шарттарға жол берiлмейдi.

-олар бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларды бiлдiретiн тараптардың мүлiктiк даулары туралы iстер бойынша шарттарды қоспағанда;

-заң көмегiне ақы төлеу, оның iшiнде ауызша заң консультациялары және тапсырмаларды орындауға байланысты шығыстар есебiнен тиiстi қаржы құжатынсыз адвокаттың қолма-қол ақша алуына жол берiлмейдi.

...