+1 дауыс
789 көрілді
ҚР қылмыстық кодексiнiң 241-бабының 1,2,3-бөлiктерiнде;321-бабының 2-бөлiгiнде;178-бабының 2-бөлiгiнiң "в,г" тармақтарында; 317-бабында; 24-бабының 3-бөлiгiнде; және 175-бабының 1-бөлiгiнде не жазылған? Рет ретiмен жазып берсеңiздер екен.

1 жауап

+4 дауыс

Жақсы жауап
ҚР қылмыстық кодексiнiң 241-бабының 1,2,3-бөлiктерiнде;

241-бап. Жаппай тәртiпсiздiктер

1. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сол сияқты олардың өкiмет өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру -

төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаппай тәртiпсiздiкке қатысу -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Өкiмет өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру -

екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

321-бабының 2-бөлiгiнде; - тармақшасы шығар??          ..әлде 321-1 бап па?
Тармақшасы:
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға қатысты өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш қолдану -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

231-1 бап.
321-1-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оныңзаңды талаптарын орындамау

Прокурорлық қадағалау актiлерiн орындамау, сол сияқты оның қызметiне кедергi жасау, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, -бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан алты айға дейiнгi кезең iшiндегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

178-бабының 2-бөлiгiнiң "в,г" тармақтарында;
в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
г) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған тонау -мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

317-бабында;
317-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын,Мемлекеттiк елтаңбасын немесе Мемлекеттiк
гимнiн қорлау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын, Мемлекеттiк елтаңбасын немесе Мемлекеттiк гимнiн қорлау -екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

24-бабының 3-бөлiгiнде;
3.Тiкелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмыс жасауға ~ оқталу ~  болып танылады.

175-бабының 1-бөлiгiнде Ұ Р Л Ы Қ.
1. Ұрлық, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау -

екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

"Баптың бөлігі" дегенді алғаш естуім)
Рахмет Алiшер!!! Мен заң дегендi дұрыс түсiне бермеймiн, жауабыңның iшiнде мына сөздер бар:
2. Осы баптың бiрiншi БӨЛIГIНДЕ
аталған адамдарға қатысты
өмiрi мен денсаулығына қауiптi
күш қолдану -
Яғни, баптың бөлiгi бар болғаны да.
))) -демек, алғаш оқуым)