Заң | 131 қаралды
131 қаралды
Жоғары оқу білімі жоқ азаматтар әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасуға мүмкіндігі бар ма?

1 жауап

1. «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы N 02-01-02/5 Бұйрығының (бұдан әрі - Бұйрық) 7 тармағының 10), 15) тармақшаларына, 8 тармағының 5), 9) тармақшаларына және 9 тармағының 4), 9) тармақшаларына сәйкес:

- С-О-5 (орталық мемлекеттік органдардың өңіраралық және облыстық бөлімшелері мен олардың ведомстволарының, облыстық және оларға теңестірілген соттардың кеңселерінің бас маманы, облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің аға сот приставы, сот орындаушысы);
- С-R-4 (орталық мемлекеттік органдардың аудандық бөлімшелері мен олардың ведомстволарының, аудандық және оған теңестірілген сот кеңселерінің бас маманы, аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің аға сот приставы);
- D-5 (облыстар әкімдері аппараттарының, облыстар мәслихат аппараттарының жетекші маманы);
- D-О-4 (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың бас маманы);
- Е-4 (аудандар әкімдері аппараттарының, аудандар мәслихаттары аппараттарының бас маманы);
- Е-R-4 (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың бас маманы) санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптар бекітілген:
білімі - жоғары кәсіптік болуы тиіс. Егерде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

2. Аталған Бұйрықтың 7 тармағының 11), 16) тармақшаларына, 8 тармағының 10) тармақшасына және 9 тармағының 5), 10) тармақшаларына сәйкес:

- С-О-6 (орталық мемлекеттік органдардың өңіраралық және облыстық бөлімшелері мен олардың ведомстволарының, облыстық және оларға теңестірілген соттардың кеңселерінің жетекші маманы, облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің сот приставы);
- С-R-5 (орталық мемлекеттік органдардың аудандық бөлімшелері мен олардың ведомстволарының, аудандық және оған теңестірілген сот кеңселерінің жетекші маманы, аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің сот приставы);
- D-О-5 (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың жетекші маманы);
- D-О-6 (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың маманы);
- Е-5 (аудандар әкімдері аппараттарының, аудандар мәслихаттары аппараттарының жетекші маманы);
- Е-R-5 (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың жетекші маманы) санаттары үшін жоғары немесе орта кәсіптік білім рұқсат етіледі.

Жақсы Жауап
118,496 сұрақ
305,553 жауап
153,302 пікір
67,950 қолданушы