Заң сұрақ қойды | 1.6k қаралды
1.6k қаралды
Мемлекеттік қызметке орналасу туралы тесттің қазақшасын қайдан алуға болады?

1 жауап

жауап берді

Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады?

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу конкурстық негізде жүзеге асады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар Ережеде көрсетілген құжаттарды конкурс өткізуші мемлекеттік органға тапсырады, олар конкурстық комиссияда қаралады.

Конкурсты бос қызмет орны бар мемлекеттік орган өткізеді, конкурс жөнінде хабарлама жариаланғаннан соң, мынадай кезеңдерден өтеді:

1) бос қызмет орнын хабарлаған конкурс өткізуші мемлекеттік органның қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдап, талдайды;

2) конкурсты өткізіп жатқан уәкілетті органның үміткерлерді тәртіп бойынша тестілеуі;

3) конкурсты өткізіп жатқан комиссияның үміткерлермен әңгімелесуі.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметке орналасушы тұлғалар, төменгі талаптарға сай болуы қажет:

4) Қазақстан Республикасының азаматтығы болу;

5) он сегіз жастан жас болмауы қажет,егерде, осы лауазымға сәйкес республика заңында белгіленбеген болса;

6) кәсіби дайындық дәрежесі және белгіленген біліктілік талаптарының сәйкестігіне, қажетті білімінің болуы.

Орталық мемлекеттік органдарында және оның аймақтық бөлімдерінде конкурстарды өткізерде, хабарлама «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарында конкурс өткізу туралы хабарландырулар әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес келетін сол аумақта таралатын мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланды.

Қосымша ақпаратты Агенттіктің web-сайтынан

Қажетті құжаттар

Конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күні ішінде конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тиісті мемлекеттік органға хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның мекен-жайына ұсынады.

Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар, мемлекеттік органға мына құжаттарды тапсырады:

өкілетті орган бекіткен үлгідегі өтініш
өкілетті орган бекіткен үлгідегі толтырылған сауалнама;
кадрлар есебі жөніндегі (нақтылы тұратын мекен-жай және телефон, сонымен қатар байланыс мәліметтері) толтырылған жеке парақша;
білім жөніндегі құжаттардың көшірмесі, нотариалдық растауы, немесе басқа да заңдық тұрғыда бекітілген тәртіпте;
еңбек кітапшасының көшірмесі, нотариалдық растауы, немесе басқа да заңдық тұрғыда бекітілген тәртіпте;
бекітілген үлгіде денсаулығы туралы анықтама;
3х4 көлемдегі бір фотосурет;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куәлігінің көшірмесі.

Білімі және жұмыс тәжірибесі, біліктілік дәрежесі және беделі жөніндегі қосымша мәліметтерді беруге болады (біліктілік дәрежесін жетілдіру туралы, ғылыми дәрежелерінің, мінездемелердің, кеңестердің, ғылыми жарияланымдар т.б құжаттардың көшірмесі).

Мемлекеттік қызметшілерді тестілеу рәсімі

Конкурс, Агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздың № 06-7/32 бұйрығы бойынша Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу Ережесі негізінде өткізіледі.

Қосымша ақпаратты Агенттіктің сайтында ала аласыз.Тестілеу барысында келесідей тест түрлері қолданылады:
логикалық тест;
мемлекеттік тілді білуге арналған тест;
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест.

Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барсында келесідей тестердің түрлері:
кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест;
мемлекеттік тілді білуге арналған тест;
Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тест қолданылады.

Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік программа көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.

Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеуден өткен үміткерлерге және қызметшілерге тестілеу әкімшісінің қолы қойылған және мөр басылған тестілеу нәтижелері беріледі.

Тестілеудің нәтижелері туралы ақпарат жиынтық анықтама түрінде ресімделеді және мемлекеттік органның кадр қызметіне тапсырылады.

сілтеме

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
117,736 сұрақ
302,934 жауап
153,353 пікір
65,165 қолданушы