0 дауыс
397 көрілді
Авторлық құқық объектілері болып қандай туындылар есептеледі?

1 жауап

+1 дауыс

1. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына сәйкес авторлық құқық объектілеріне мыналар жатады:
1) әдеби туындылар;
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарий туындылары;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;
6) дыбыс-бейнежазу туындылары;
7) кескiндеме, мүсіндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;
10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;
11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар;
12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13) өзге де туындылар.

...