0 дауыс
782 көрілді
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мониторингі дегеніміз не?

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 43-бабының 2-1)-тармағына сәйкес, заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң тұрақты мониторингiн жүргiзу нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ету шараларының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысымен бекітілген заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу Ережесiнің 3-тармағына сәйкес, заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң мониторингi Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн және ескiрген құқық нормаларын анықтау, оларды iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалау әрi оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдау үшiн жүргiзiледi.

Сонымен қатар, Ереженің 4-тармағына сәйкес, заңға тәуелді кесімдерге мониторингті тиісті уәкілетті орган (оның ішінде іске асыруды уәкілетті орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған кесімдер бойынша) әзірлеген және (немесе) қабылдаған заңға тәуелді кесімдерге қатысты уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) ведомстволары (бұдан әрі – бөлімшелер) тұрақты негізде жүргізеді.

...