0 дауыс
1.2k көрілді
Қаржы полициясы органдары қызметіне қалай орналасуға болады?

1 жауап

0 дауыс

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағына сәйкес – құқық қорғау органдарына қызметке жасы он сегiзге толған, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмiнің даму жағдайы, бiлiм деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.

Заңның 7-бабы 2 және 3-тармақтарына сәйкес құқық қорғау органдарына қызметке тұру үміткерлерді міндетті түрде тағылымдамадан өткізе отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Қаржы полициясы органдарының конкурстық негiзде орналасатын лауазымдар тiзбесiн, конкурсты және тағылымдаманы өткiзу шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 285 бұйрығымен айқындалды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 қазанда № 8811 тіркелді.

Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуын аяқтаған адамдардың, теріс себептермен жұмыстан шығарылған не өз өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқан адамдарды қоспағанда, өз өкілеттігін тоқтатқан және қойылатын тиісті бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілер болған адамдардың, Парламент депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың құқық қорғау қызметіне конкурстық iрiктеусiз тұруға құқығы бар. Олардың лауазымдарға орналасу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2013 жылғы 8 қазандағы № 326 бұйрығымен айқындалады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 қазанда № 8854 тіркелді.

...