0 дауыс
1.9k көрілді
ҚР Қаржы полициясы академиясына оқуға қалай түсуге болады?

2 жауап

0 дауыс

Қысқартылған мерзімде жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау қағидалары Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі - Агенттік) Төрағасының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 124 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 28 мамырда № 9473 тіркелген.

Академияға қысқартылған мерзімде білім алуға конкурстық негізде жоғары білімі бар жасы жиырма бірден кем емес, қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттерге ие, сондай-ақ жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейінгі мамандығы бойынша бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар азаматтар қабылданады.

Үміткерлерді оқуға қабылдау үш кезеңде жүзеге асырылады:

бірінші кезеңде – үміткерлерді оқуға іріктеу медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері мен дене шынықтыру даярлығы бойынша жүргізіледі;
екінші кезеңде – құқық негіздерін білуге әңгімелесу жүргізіледі;
үшінші кезеңде – мандаттық комиссия конкурстық негізде оқуға үміткерлерді медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері мен дене шынықтыру даярлығы бойынша мәліметтерін ескере отырып қабылдайды.

Академияда оқу мемлекеттік білім беру тапсырысының бюджеттік негізінде жүзеге асырылады.

0 дауыс
Атырау облысы бойынша осы қысқыртылған мерзімде білім алу туралы қай мекемеге немесе қай мекен-жайға (тел/факс,электронды почта)  жолықсам болады.
...