Қаржы полициясы органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған Заңда белгіленген тәртіпте берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс, өтініш жеке немесе заңды тұлғаның өкілі арқылы енгізілуі мүмкін. Өкілдікті ресімдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес түскен өтініштері аталған Заңда белгіленген тәртіппен қаралуға тиіс.
Сонымен қатар, өтініштер келесі форматтарда қабылданады:
қағаз тасығышта – пошта байланысы арқылы немесе қолма қол;
электрондық форматта – «Электрондық үкімет порталы» арқылы, қаржы полициясының «Портал 144 kz» арнайы сайты;
ауызша түрде – «144» сенім телефоны бойынша, қаржы полициясы басшыларының азаматтарды жеке қабылдауы кезінде.