0 дауыс
10.3k көрілді
Ауылдық квота дегеніміз не? Оның көлемі қандай? Қандай мамандықтарға беріледі?

2 жауап

0 дауыс

Ауыл жастарына арналған ауылдық квота орнының көлемі 30% құрайды. Ол ауылды дамытатын  әлеуметтік – экономикалық мамандықтарға ғана беріледі (Қазақстан Республикасының білім министрлігінің  бұйрығы 2012ж, 14 мамыр № 211).  Ауылдық жастарға арналған квотаға байқау келесі әдіс бойынша өтеді: 70% грант мамандық бойынша жалпы байқауға түседі, ал 30% грант ауылдық квота байқауына түседі. 

+2 дауыс
Ауылдық квота дегеніміз – ауыл жастарына мамандық бойынша бекітілген конкурс. Ол мынадай түрде жүреді: барлық бөлінген гранттар санының 70 пайызы жалпы конкурс бойынша берілсе, қалған 30 пайыз грант тек ауыл жастарының арасындағы конкурсқа бөлінеді. Назар аударар болсаңыз, ауылдық квота кез-келген мамандыққа беріле салмайды. Ауылды көркейту мақсатында арнайы мамандықтар таңдалып алынады. Және ол мамандықтар жыл сайын өзгеріп отырады. Ауылдық мектептерді бітірген барлық жастарға барлық медициналық мамандықтар бойынша квота бөлінген. Ауылдық квотамен грантқа түскен ауыл жастарының келісуі тиіс шарт бар. Біріншіден, ауылдық квота сізге балл қосып бермейді. Ол – медициналық және педагогикалық мамандық бойынша бітіргеннен кейін ауылды аймақтарда орналасқан орындарда міндетті түрде 3 жылдан кем емес уақыт жұмыс жасауы керек. Нақтырақ, «ҚР Білім туралы» 47-бабының 17-тар¬ма¬ғында: «Ауылдық квота шегiнде пе-даго¬гикалық, медициналық және ве¬те¬ри¬нарлық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейiн тиісінше мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде не ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік ветеринария ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттi» деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Заңның бұл талабын орындамағанның жазасы да дайын: (47-бап, 17-4-тармақ:) «Осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті». Яғни, ауылға барудан бас тартқан маман өзінің білім алуы үшін қазынадан бөлінген қаржыны әр теңге, тиынына дейін санап, мемлекетке қайтаруы тиіс.
Ауылдық квота сонда бітіргеннен кейін любой ауылда жұмыс істей алама или калай өз ауданына келіп жумыс істеу керекпа
...