0 дауыс
990 көрілді
Келесі айда қызымның туған күні. Күшті ерекше сыйлық сыйлағым келеді. Өзі сондай талғампаз (анша-мұншаны менсінбейді). Духи сыйлағым келеді, бірақ оригинал болмай қалама деп қорқам. Маған кеңес беріңіздерші. Рақмет көп.

6 жауап

0 дауыс
Сәлеметсізбе. Сыйлығыңыз шын жүректен болғаны дұрыс. Мәселе қымбат сыйлықта емес. Духи силағыңыз келсе онда: AVON, MARy Kay, Oriflame фирмаларының духиын алғаныңыз дұрыс. Сапалы, сапасы жоғары, керемет. Мен білетін қыздардың көңілінен шығатын,ең жақсысы, Маry Кеу-дің BELA BELARA деген духиы.
0 дауыс
Ол нені жақсы көреді, соны ойлаңыз. Сізге төмендегідей ұсыныстар келтіремін, қалағанын таңдарсыз:

1. Қызыңызға сәнді шарф сыйлаңыз

2. Егер ол оқығанды жақсы көрсе, онда жаңа бір бестселлерді сыйға тартыңыз

3.Спа салонға екі кісіге арналған сертификат сыйлап, уақытты бірге өткізіңіз

4. Косметика сыйлаңыз. Бұл ұтылмайтын вариант.

Егер қызыңыз өте талғампаз болса, әбден көзі көріп, құлағы тыңдап үйренген косметика брендтары керек емес. Онлайн магазиндерден тапсырыс беріп көріңіз.
0 дауыс

2014ж танымал духилері.

Be Delicious - DKNY - жаңа терілген балғын көк алма хош иісімен аңқиды
 

Jasmine Noir - Bulgari - Жасмин, тонка бұршағы мен мияның басым ноталарымен

Flowerbomb - Viktor and Rolf - Құрамында пачули, орхидея, жасмин, амбра мен бергамот ноталары бар. 

Insolence - Guerlain - басым ноталарына таңқурай, ирис, раушан, тонка бұршағы мен шегіргүл кіреді.

J’adore - Dior - Магнолия, раушан, қожақат, мандарин мен африкалық орхидея ноталары қамтылған балғын және таңғажайып хош иісі

Осы духиларды БьютиМания, Планета Красоты, Мон Ами дүкендерінен немесе онлайн магазиндерінен сатып алсаңыз болады.

0 дауыс
Кеңестеріңіз үшін рақмет, бірақ ол Орифлейм, Мери Кей, Авон косметикаларын ұнатпайды. Бьюти Мания мен Мон Амиден алған духилеріне риза болмайды үнемі. Меніңше сол интернет магазин дұрыс сияқты. қандай сенімді интернет дүкендерінен алуға болады екен? Рақмет.
0 дауыс
strawberrynet.com деген интернет магазин бар. Косметика, иіссу сатады. Өзім бір рет, сіңлім екі рет заказ берді. 14-16 күнде келді. Шанель духи мен Авен креміне заказ бердік, крем қосқандықтан, жеткізу тегін болды + бірінші заказға сыйлық берді. (Барлық заказ менің атымнан кетті) 3 заказға скидка жасады. Бағасы қымбат емес. Біздер тексеру үшін бұрын пайдаланған заттарға заказ бердік. Бұрын папам Италияға барғанда сол духи мен кремді алып келіп берген, сол себепті сапасы мен иісін тексеру бізге қиын болған жоқ. Еш ерекшелігі жоқ. Дәл шетелден келген оригиналға ұқсас. Сізде сынап көрсеңіз болады.
0 дауыс
Меніңше GIVENCHY ange ou demon le secret деген духи керемет. Егер артық ақшаңыз болса Франциядан тапсырыс беріңіз
...