0 дауыс
378 көрілді
Мен ар-намысыма тиіп абройыма кір келтіретін және жала жабылған мақалалар жазып БАҚ-тарда жариялаған азаматты сотқа беруді көздеп отырмын. Осы мәселе төңірегінде мына төмендегі екі сорақтың жауабын білгім келеді. Газетте мақала 2011 жылы 10 ақпанда шыққан. 1. Мақала авторынан рухани зиянды өндіріп, пікірлерін теріске шығаруды талап ету мерзімі өткен жоқ па? 2. Автор мақаласындағы жала жабылған сөздер мен сөз тіркестері үшін ҚР ҚК 129 бабымен қылмыстық жауапқа тарту жайлы шағым беру мерзімі өткен жоқ па?

1 жауап

0 дауыс

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енген, сот актілерінің негізділігі мен заңдылығын іске қатысушы тұлғалардың берген өтініштері бойынша азаматтық іс жүргізу заңнамаларының талаптарын сақтай отырып тексереді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 178, 180-баптарына сәйкес, талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi және талап қою мерзiмiнiң өтуi адам құқық бұзушылық туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен басталады. Сонымен қатар, аталған заңның 185-бабына сай, талап қою мерзiмiнiң өтiп кету себептерi орынды болып, егер ол талап мерзiмiнiң соңғы алты ай iшiнде орын алған болса, талап қою мерзiмiн қалпына келтiру орынды болып танылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 129 бабымен қылмыстық жауапқа тарту шағым беру мерзіміне келетін болсақ, ҚК-тің 69-бабының 1 бөлігінің а) тармағына сәйкес, егер кiшiгiрім қылмыс жасалған күннен бастап екі жыл мерзiм өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

...