0 дауыс
11.0k көрілді

Азаматар неше жастан бастап қылмыстық жауапқа тартылады?

SERIK PALJANOV

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қылмыстық Кодекске сәйкес қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар адам өлтiргенi (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (103-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққақасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiргенi (104-бап, екiншi бөлiк), зорлағаны (120-бап), нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттерi (121-бап), адам ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (175-бап, екінші, үшінші бөліктер), тонаушылық (178-бап, екінші, үшінші бөліктер), қарақшылық жасағаны (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап, екінші, үшінші бөліктер), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгенi (185-бап, екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктер), ауырлататын мән-жайлар кезiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (187-бап, екiншi, үшiншi бөлiктер), терроризм актісі (233-бап), адамды кепiлге алғаны (234-бап), терроризм актiсі туралы көрiнеу жалған хабарлағаны (242-бап), қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлағаны не қорқытып алғаны (255-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде бұзақылық жасағаны (257-бап, екiншi, үшiншi бөлiктер), тағылық (258-бап), есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (260-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлердi қорлағаны (275-бап, екiншi бөлiк), көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіргені (299-бап) үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартуға жатады. Заңгер
0 дауыс
Азаматтар 16 жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Егер ол кәмелеттік жасқа толмаса ата-анасына шара қолданылады. Немесе ата-анасын түрмеге қамайды немесе ата-ана құқығынан айырылады. 16 жастағы балаларды жасөспірімдер түрмесіне жібереді
...