0 дауыс
3.6k көрілді
Мен азаматпын тақырыбына эссе керек еді

1 жауап

0 дауыс

Мен ХХІ ғасырдың азаматымын. Маған өз заманым ұнайды. Бұл заманның жақсы жақтары көп. Мысалы: 1970-1980 жж. көп заттар дүкенде тек аз мөл- шерде ғана болған, ал кей заттар мүлдем болмаған.Қарапайым нан үшін халық кезекке тұрған. Енді міне, мемлекетіміз тәуелсіздігін алды, алдыңғы қатарлы мемлекет болуға тырысып жатыр.Қазіргі кезде адамның жанына не керек барлығы бар, тек ақшаңыз болса болды. Біздің заманымызда адамдар ауқатты өмір сүреді, халықтың денсаулығы жақсы, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар жақсы. Бірақ ХХІ ғасыр қоғамында бір кемшілік бар. Ол- эгойзм. Адамдар ойы ол «Менің және отбасымның байлығы, денсаулығы мол болса болды». Эгойзм бар жерде ешқашан бірлік болмайды, ал бірлік болмаған жерде еңбек болмайды, еңбек болмайтын қоғамда прогрес, яғни даму болмайды. Содан кейін ол қоғам басқа елдердің қоғамымен салыстырғанда ең дамымаған, ең артта қалған және ең сана сезімі,адамгершілігі төмен қоғам болып қалыптасады. Негізі кемшіліксіз қоғам болмайды, бірақ мен өз қиялым- да  проблемалары жоқ,абсолюттық дамудағы яғни даму шегіне жеткен қоғам құрғым келеді. Мен атақты ағылшын жазушысының «Утопия аралы» атты романынан үлгі ала отырып өзімнің болашаққа деген қөзқарасымды білдіремін.

Менің арманым болашақта қоғамның көптеген індеттерінің жазылуы.Мыса-лы: коррупция, қылмыс және ХХІ ғасырдың басты індеті-еріншектік. Бұл ін-деттер жоқ болса, яғни егер қоғамның әр мүшесі жемқор болмаса, қылмыс жасамаса, еңбек етсе, онда ол қоғам дүниежүзі бойынша алдыңғы қатарлы мемлекетке сай қоғам болады. Көптеген ересек адамдар баланың, жасөспірімнің сөзіне аса мән бермейді. Бірақ сол жасөспірімнің бірі-мен. Менің өмірге деген көзқарасым ересек адамдар секілді. Мен де өмірдің ащы-тұщысы қандай болатынын білемін, бірақ мен әлі күнге дейін бала сықылды қуана аламын. Мінекей, осы жаста адамның өмірге, болашаққа деген көзқарасы ең дұрыс болатын жылдар деп ойлаймын. Мен осы байқауға қатыса отырып, ересек адамдарға бір ой тастағым келіп отыр. Осы ойды оқып, түсініп және алдыңғы кезде өз өмірінде қолданады деп ойлаймын. Мен қазіргі заманды өзгерте отырып болашаққа әсер еткім келеді. Менің қиялымдағы 2050 жыл:

Қазақстан- әлемнің АҚШ, Ұлыбритания, Франция секілді ел емес, олардан асып түсерліктей ел. Біздің елімізде жемқорлық жоқ. Бірақ басшылықтың кө-мегімен емес, Қазақстанның әр азаматы жемқорлықпен күресінің арқасында қылмыс жоқ, себебі бұл қоғамда кедей адам жоқ. Барлығы бақуатты, барлығының дәрежесі бірдей. Осындай жағдайда ешқандай адамға қылмыс жа-саудың қажеті жоқ. Технологияларға келетін болсақ, 2050 жылы адамға жұмыс жасаудың керегі жоқ барлығын техника жасайды. Бірақ адамдар еріншектіктен семіріп денсаулықтарына зиян келіп жатқан жоқ. Себебі адамдардың барлығы спортпен айналысады, зиянды әдеттерден айырылған, денсаулықтары зор, адамдардың орта жасы 150-ге жетпесе 120-130 жасайды.

Мен әр ересек адам осы эссенің ішінде жазылған ойларды өз өмірлерінде іске асыра біледі деген ниетпен осы әңгімемді жаздым. Міне, менің кішігірім утопия аралым осы. Білемін менің эссем ертегі ұқсайды, бірақ осы эсседегі адам қоғамындағы үш індетті жеңе білсек болаша-ғымыз зор, түн ұйқымыз тыныш болады.

Толығырақ: https://surak.baribar.kz/101836/

...