0 дауыс
3.7k көрілді

Неге алиментті жұмыс істеген адамдар азда жұмыс істемейтін адамдарға көп мөлшерде МРП мен төлетеді?

Досымхан Анишев

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жоқ, бұл жерде жекелеген әр адамның жалақысына байланысты. Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңының 99-бабының борышкердің жалақысы болмаған жағдайда алимент өндiрiп алу тәртiбi көрсетілген және де «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 169-бабының 3-тармағында (осы жылға дейін аталмыш Кодексте төменгі жалақы мөлшері деп келген еді, биылғы, 2014 жылғы өзгерістерге сай) алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кірісін растайтын құжаттар тапсырылмаса, алимент бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақының мөлшері негізге алына отырып айқындалады деп белгіленген.

Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, елдегі орташа айлық жалақы 108640 теңгені құрайды. Демек, бір балаға төленетін алимент айына 27 160 теңге, яғни орташа жалақының 25 пайызын иеленеді. Егер екі бала болған жағдайда оның сомасы 36213 теңге, ал үшеу және одан да көп болса айына 54 320 теңге төленуі керек. Белгілі бізде ресми табысы 108640 теңгеден асатындар аз. Ал егерде бұл сомадан жауапты адамның жалақысы көп болса, сәйкесінше төлейтін алимент көлемі де көбірек болмақ
0 дауыс
Сұрағыңыз қызық екен. Сіз жұмыс істеп істемесеңіз де бірдей төлейсіз. Балаңыздың санына байланысты өседі. Егер сіз 1,2,3 топтағы мүгедек болсаңыз төлейтін алименттің мөлшері азаяды.
0 дауыс
жок олай емес алименчик жумыс истесин истемесин 27000 толейди ол занда бар жане 2014 жылы шыкты.Еди алиментчиктин айлыгы мысалы 10 000 болса орта есеппен бир балага 25 000 толейди жане оны жумыс орнындагы есепши сенин шотына ай сайын аударып отырады.Егерде Айлыгы кобейе берсе сенинде алиментин кобейеди.онын айлыгынын кобейгенин кобеймегенин есепшинин номирин алып ай сайын билип отырасын одан корыкпа сенин сурауга кахын бар егер сурак аламын десен хабарлас тел номерим 87056918724
0 дауыс
Мен уйленгенмін Аллага шукір бір балам бар жумысымда жаксы айелімде қасымда. Бірақ мені бір сұрақ қатты мазалайды ол жумыссыз отырған адамдардың алимент толеуіне қарсымын өкімет халықпен ешқандай санаспайды өздегенін қылып жатыр алимент өндіру керек болса халықтың жағдайын толық жасасын саясаттын құйтырқы тірліктері елді әбден әбігерге салды
0 дауыс
Менің де жогарыда отырган депутаттарга окпем кара казандай,Олар карапайым халыкты ойлап кайтсін,Менің күйеуімнің алғашқы некеден баласы бар шамамыз келгенше әр айда әр түрлі төлеп жатырмыз,Жұмыссыз деп 2015ж  154 577 тенге орташа айлык деп есептепти,Шын манінде ондай айлықты тек жоғары лауазым иелері ғана алады ғой,Әрине бұл әділетсіз,
...