0 дауыс
3.2k көрілді

2014 жылы айлық есептік көрсеткіш бағасы қанша теңге көлемінде болмақ? Яғни МРП көлемі қанша теңгені құрамақ?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

ҚР Парламентінің қарауында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңы жатыр. Онда 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғарғы мөлшері  19 966 теңгені құрайды. 
ҚР Парламентінің қарауында жатқан «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшері (2014 жылы тағайындалғандар үшін) 20 782 теңгені, базалық зейнетақы төлемі -  9 983 теңге (50% АК), айлық есептік көрсеткіш 1 852 теңгені құрайтын болады. 
Қайтадан тағайындалған зейнетақы мөлшерін есепке ала отырып, ең жоғарғы кіріс көзі 2014 жылы 72 228 теңге (39 АЕК), ал 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қайта тағайындалған зейетақылар мөлшері - 54 171 теңгені (39  АЕК 75%).
Сонымен бірге 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мүгедектігі, отбасы асыраушысынан айырылған және жас бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар төменгі күнкөріс көзі деңгейінің өзгеруіне байланысты көбейетін болады. Сонымен қатар, ¹1 және ¹2 Тізімдегілер, бала күтімі бойынша берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылар көлемі АЕК өзгеруіне байланысты артатын болады. 

+1 дауыс

Мың сегіз жүз елу екі болады деватыр
 

...