Жоқ, бұл жерде жекелеген әр адамның жалақысына байланысты. Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңының 99-бабының борышкердің жалақысы болмаған жағдайда алимент өндiрiп алу тәртiбi көрсетілген және де «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 169-бабының 3-тармағында (осы жылға дейін аталмыш Кодексте төменгі жалақы мөлшері деп келген еді, биылғы, 2014 жылғы өзгерістерге сай) алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кірісін растайтын құжаттар тапсырылмаса, алимент бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақының мөлшері негізге алына отырып айқындалады деп белгіленген.
Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, елдегі орташа айлық жалақы 108640 теңгені құрайды. Демек, бір балаға төленетін алимент айына 27 160 теңге, яғни орташа жалақының 25 пайызын иеленеді. Егер екі бала болған жағдайда оның сомасы 36213 теңге, ал үшеу және одан да көп болса айына 54 320 теңге төленуі керек. Белгілі бізде ресми табысы 108640 теңгеден асатындар аз. Ал егерде бұл сомадан жауапты адамның жалақысы көп болса, сәйкесінше төлейтін алимент көлемі де көбірек болмақ