+1 дауыс
4.1k көрілді
Шашым қатты бұйра, бір жаққа шыққанда прическа жасау мүмкін емес. Химиялық жолмен түзулегім келмейді. Табиғи жол немесе шашқа арналған крем, спрей т.б  бар ма екен? Бар болса аттарын жазыңыздаршы? Рақмет.

3 жауап

0 дауыс

Утюжок пайдаланып, шашыңды уақытша түзетіп алуыңа болады.

+1 дауыс

Индира, бұйра шашыңыз бұл Алланың сыйы деп білгеніңіз жөн. Көп қыздар бұйра шашты армандайды, бірақ сізді де түсінуге болады. 

Бұйраны кетіруге арналған табиғи алты жолды атап айтқым келеді:

Бірінші. Кокос сүті
Кокос сүті шашты ұзақ уақыт бойына түзулеу мүмкіндігіне ие.

Екінші. Май қосылған ыстық маскалар.
Бас терісі мен шашқа кокос және зәйтүн майларын жағыңыз. Басты жылы орамалмен байлаңыз. 45 мин қалдырыңыз, сонан соң жуып тастаңыз.

Үшінші. Табиғи жайлағыштар.
Шайды бұйра шаштарға арналған жайлағыш ретінде пайдаланыңыз.

Төртінші. Сүтті спрей..
Сүтті шашыңызға шашыңыз да, жарты сағатқа қалдырып, жуып тастаңыз. 

Бесінші. Шамалы сүт алып, паста күйге айналғанша бал қосыңыз. Қоспаға езілген банан мен құлпынай қосыңыз. Шашқа жағыңыз. Толық кепкенше күтіңіз де, жуып тастаңыз. 

Алтыншы. Зәйтүн майы мен жұмыртқа.
Зәйтү майы мен жұмыртқа шашты ғажайып кеіпке келтіреді.

Міне бұлар табиғи жолдар. Бұларды дайындау үшін уақыт керек, сонан соң оларды шашқа жағып күту керек, меніңше дайын өнімдерді пайдаланған әлдеқайда ұтымды сияқты. Сізге менің құрбым пайдаланатын өнімдерді айтайын.

Straight Sexy Hair Түзулегіш Сусабыны 


 

Amika Түзулегіш Бальзамы

CHI Straight Guard Тегістейтін Әсемдейтін Кремі

Осы өнімдерді строуберринет (strwberrynet.com) онлайн дүкенінен алып жүр. Егер сізге ұнап жатса, өзіңіз көрерсіз! Ал сізге сәттілік тілеймін!

 

0 дауыс
Кеңестеріңіз үшін рақмет. Сипаттамаларын оқып көрейін.

Утюжокты пайдаланамын, қазір шашым одан әбден күйді, қамыс сияқты жансыз болып кетті.
...