0 дауыс
5.3k көрілді
Біз соғысқа қарсымыз деген эссе керек 5-6 сөйлем жетеді

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Мен соғысты жек көрем

Кім қасірет шекпеген

Кім көз жасын төкпеген

Талай өткен ғасырлар

Еш соғыссыз өтпеген,-деген ашу-ыза талай батырларымыздың жүрегінде ерімес мұз болып қатып қалғандай. Сол алапат соғыстың аяқталғанына, яғни Ұлы Жеңіске 70 жыл толып отыр. Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен батылдығы ешқашан ұмытылмайды.

Екінші дүниежүзілік соғысты әзірлеуші және бастаушы фашистік Германия болды. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілген Германия өзін отарлар бөлісуден құр қалған мемлекетпін деп есептеді. Сонымен қатар өздерін шығу тегі жағынан таза қанды арийлердің ұрпақтарымыз деп, дүние жүзіне билік жүргізгісі келді. 1933 жылы Германияда фашистік партия сайлауда жеңіске жетті де, оның жетекшісі Адольф Гитлер елде қатал фашистік тәртіп орнатты. Гитлерлік Германия өзінің агрессиялық соғыс жоспарын жүзеге асыруды 1939 жылы бастады. 1939жылы 1 қыркүйекте Польша жеріне басып кірумен Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Еуропа елдерін бірінен соң бірін бағындыра отырып, 1941 жылы өзінің басты қарсыласы деп есептеген КСРО шекарасына жақындады.

1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында фашистік Германия әскері КСРО-ның батыс аумағына баса-көктеп кірді. Гитлердің соғыс жоспары "Барбаросса" деп аталды. Ол сол бойынша КСРО¬-ны қысқа мерзім ішінде жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізат, адам қоры көзіне айналдырмақшы болды. Кеңес халқы тарапынан әділетті бұл соғыс тарихи әдебиеттерде "Ұлы Отан соғысы"деп аталды.

Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың Қазақстандық-шекарашылар болды. Соғыс өрті ішке қарай еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 Қазақстандық болған. Соғыс аяқ астынан басталғанымен алғашқы күннен бастап халық жұдырықтай жұмылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де елі үшін соғысқа аттанды.

Шегінген кеңес әскері Мәскеуге 25-30 шақырым таяп келді. Бұл 1941 жылдың қараша айы болатын. Мәскеуді жауға беру бүкіл елді жауға берумен тең еді. Мәскеуді қорғау үшін шайқасқа Қазақстанда құрылған атақты 316-атқыштар дивизиясы қатысты. Генерал-майор И.В.Панфилов басшылық еткен бұл дивизия Мәскеуді немістерден қорғауда асқан ерлік көрсетті.

Дәл осы жылы халқымыз соғысқа қызу дайындалды. Атақты Бауыржан Момышұлы соғысқа әскерлер жинап басшылық етті. Қол астындағыларына аса қаталдықпен қарады. Тіпті соғысқа қатысқысы келмеген сарбаздарды өлім жазасына кестіртті.

Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әр түрлі полктер,батальондар құрылып, майданға аттанды.Соғыс кезінде 3,5 мыңдай қазақстандық партизан отрядының құрамында болды. Жан қиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96638 қазақстандық жауынгер бірнеше дүркін орден-медальдармен марапатталды. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды.Олардың 97-сі қазақ болатын.142 жауынгер "Даңқ" орденінің иегері болды.Ұлы Отан соғысына барлығы 35 миллион адам қатынасты,Орта Азия республикаларынан 3 миллионға жуық адам қатысса, соның 1 миллион 366 мыңы-қазақстандықтар.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарулы Күштерде 4 орталық,19 майдандық және флоттық,103 армиялық газет, әр ұлт тілінде 50 газет шығып тұрды. Сол сұрапыл ауыр жылдарда қазақ тілінде 10 майдандық,3 дивизиялық,1 округтік газет жарық көрген.Олар:"Қызыл әскер ақиқаты","Қызыл Армия", "Жауға қарсы аттан!","Отан үшін алға!","Дабыл" және т.б.

Ұлы Отан соғысы төрт жылға созылды.Майдан даласында алты жүз мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Миллиондаған өмірді жалмаған сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен белгісіз батырлар қаншама десеңші! Өмірдің ең қуанышты,ең бақытты кезеңі-балдай тәтті балалық шақ емес пе?Сол балалық шақты соғыс кезінде бар бала ойын-күлкімен өткізе алмаған. Тоғыз жасар баланың өзі үлкен адамдарша жұмыс атқарған. Бір түйір нан мен қара суды қорек етіп, үстіне малдың терісінен тіккен шалбар киіп,балалық шақтың дәмін татпаған. Азаннан кешке шейін қырманда ауыр жұмыстар жасады. Белі бекініп, буыны қатпаған қазақ жасөспірім балалар майдандағы аға – апкелеріне өз септігін тигізу мақсатында тынбай еңбектенді. Күнделікті өмірін үрей мен қорқыныштан өткізген қазақ еліне майданнан балысының қаза болғандығына келген қара хатты алғанда қабырғасы қатты майысты. Зұлым, қатыгез фашисттерге тек қарғыс пен лағынет айтудан басқа қолдарынан ешнәрсе келмеді. Бұндай қиын да сұм кезеңді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан соң жауынгер батырларға «Кеңес Одағының батырлары» деген атақ берілді. Батыс жауынгерлеріміз елін сақтап, қорғап қалу үшін бір қасық қаны қалғанша күресті. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қаһарман қызы -Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар болатын. Мәншүк Мәметова Ұлы Отан соғысы кезінде медицина институтында оқған. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы қүрамында майданға аттанады. Мәншүк Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жаумен соғысып,ерлікпен қаза табады. Невель қаласын қорғаудағы ерлігін мәңгі есте қалдыру үшін қаланың бір көшесі Мәншүк Мәметованың есімін берілді. Қазақтың қайсар рухты қаһарман қызына Кеңес Одағының Батыры атағын бергендігі, апамызға деген үлкен құрмет деп білемін. Және де Әлия Молдағұлова да 1942 жылы өз еркімен соғыс алаңына аттанады. Ол Ленинградтағы елді азат ету шайқасына қатысады. Алдыңғы шепте жүрген Әлия: «Отан үшін алға!»-деп,барлық жауынгерлерді соңынан ертіп, жауға қарсы ұмтылады. Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен бұрын кіріп,бірнеше жаудың көзін жояды. Мерген қыз жиырма жасқа толмаған кезінде, қыршын жасында жау оғынан көз жұмады. Ерлікпен қаза тапқан ержүрек апамызға да «Кеңес Одағының Батыры» деген атағы беріледі. Батыр Бауыржан Момышұлы - Мәскеу түбінде өз әскерін бес рет неміс қоршауынан аман-есен алып шыққан сайыпқыран қолбасшы. Соғыс жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарды.1992 жылы аты аңызға айналған қазақтың даңқты, батыр перзенті Бауыржан Момышұлына егемен еліміздің жоғары наградасы - Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді. Батыр Бауыржанның ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі-қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев.1945 жылы 9 мамырда кеңестік қызыл армия жауынгерлері Германияның астанасы Берлин төбесіне ту тікті. Қазақ азаматы Рахымжан Қошқарбаев 1945 жылы 30 сәуірде,жауынгер Булатовпен бірге,жаңбырдай жауған жау оғының астында Рейхстаг төбесіне Жеңіс туын желбіретті.Бір өкініштісі Кеңес үкіметі Рейхстагқа ту тіккен орыстар мен грузиндер болуы керек деп,Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігін жасырып, мойындамай қойды.Рахымжан Қошқарбаев 1999 жылы еліміздің жоғарғы наградасы - Халық қаһарманы атғымен марапатталады. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ол елім деп, жерім деп елі үшін жанын қиды.

Соғыста қаза тапқандардың саны бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша,адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды.1710 қала және 70 мыңнан астам село-деревнялар,3180 өнеркәсіптік кәсіпорын, 36 мың пошта телеграф мекемесі,телефон стансасы және басқа да байланыс бекеттері жермен-жексен болды. Көптеген кітапханалар,ауруханалар тоналған.

Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес елі халықтарының достығын нығайтты.Жеңіс КСРО-ға төнген отарлық қауіптен құтқарды.Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар басына түскен ауыртпалықты тарихи сын кезеңі болды. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдындағы беделі асқақтай түсті.Сонымен қақар кеудесімен жау пулеметін жауып Отан үшін жанын қиған батырларымыздың ерлігі ешқашан да ұмытылмақ емес.

Қорытындылай келе, Отан - адамға не үшін қымбат екенін түсіндім. Бабаларымыздың «Отан үшін отқа түссең күймейсің», - деген қымбат та асыл сөздер тектен-текке айтылмаса керек.Отан үшін от кешкендердің жүрегінің дүрсілі тек «Отан» деп соқты.Олар біздің асыл қазынамызды, байлығымызды қорғап, сақтап қалды.Сол себептіде Отан-біз үшін ата-бабаларымыздан қалған асыл-мұра болып есептеліп қалады. Жан қию оңай ма? Олар Отанымызды қорғап,жаулармен соғысып үлкен ерлік жасады.Қазіргі таңда бүгін Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ монументтерінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде.Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы керек.Отан-әрбір адамның жүрегі,яғни Отансыз ешқашан өмір сүре алмайды.Отан туралы Бауыржан Момышұлы «Красная звезда» газетінде былай деп жазды: «Өз халқын құрметтеп,сүймеген адам - опасыз,оңбаған адам»,-деп жазды. Бауыржан Момышұлы елі үшін 25жыл өмірін әскерге арнаған. Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін жаным –арымның садағасы,халқым үшін қасықтай қаным пида»,-әрдайым жүрегі дүрсілдеп тұратын. Мен және бүкіл ел азаматтары бейбітшілікті қалаймыз. Соғыстың бетін аулақ қылсын! Еліміз аман, тыныштық болсф екен деп тілеймін.


http://kazustaz.kz

0 дауыс

Маған өте ұнады керемет жақсы жазылған yes

...