Ғалымдардың ойынша, Жерден басқа, Марс Күн жүйесіндегі адамзаттың өмір сүруіне пайдалы планета болып табылады. Сондықтан ғарыш саласының алдағы 50 жылдағы басты зерттеу нысаны осы бір Қызыл ғаламшар болмақ.
«Шолпанға қарай бағыт алудың қажеті жоқ, онда тіршілік болмақ емес. Техникалық мүмкіндікке қарай Марсқа қарай ғана қозғалу қажеттілігі туып тұр. Марс – суы мол жалғыз ғаламшар», - деген «Энергия» РКК директоры, бас конструктор Виталий Лопотаның сөзінен дәйексөз келтіреді РИА Новости.
Лопотаның айтуынша, соңғы үш жылда Марсқа ұшудың – Жерге, Айға жақын орналасқан астероидтар арқылы, содан соң Ай арқылы Марсқа, содан соң Айға жақын астероидтар арқылы Марсқа ұшу деп аталатын екі сценарийі талқылануда.
«Марстан әрі басқа да ғаламшарлар бар, соның ішінде Юпитер. Бірақ ол жақта адам болуы неғайбыл. Егер 50 жылды артқа тастап жоспар құрар болсақ, кез келген сценарийдің басты мақсаты – Марс. Астероидтардың белдеуі Марс пен Юпитер арасындағы орбитада жатыр. Бұл жерде Юпитер барлық астероидтарды өзіне тартып алған. Тек қана Амур, Аполлон және Атон деп аталатын үш астероид қана Жерге жақын орналасқан», – деп түсіндірді Лопота.