0 дауыс
3.2k көрілді
Мұны сұрақ деуге сірә болмас, мен өзімді жегідей жейтін өмірімнің қателіктері туралы айтайын деп отырмын. Негізі қазір ойланып отырсам, тіпті өзіме өзім жауап бере алмаймын. бірақ өкініш өзегімді өртеп барады, ең өкініштісі сол, өз өмірімді күл талқан еттім. Бұл жағдай осыдан 7 жыл бұрын болған еді, ол кезде менің жасым 17де. Ата ананың жалғыз қызымын, ерке болдым. Барлығы дәл басқа қыздардыкіндей болды, бір жігітті сүйдім ойлаппын, оны сүймегенімді енді түсіндім. Жігітпен 1 жылдан астам жүрдім оның соңы екеуміздің төсекте қосылуымызбен аяқталды. Іс біткен соң қатты өкіндім өзімді жек көруге дейін бардым. Сол түн біздің соңғы кездесуіміз болды, содан кейін оны көргім келген жоқ көрмедім де. Сол кезден бастап ешбір жігітпен таныспадым және ескі таныстарымнан бас тарттым. Мен сөніп бара жатқан шоқтай болдым.Арада 1 жыл уақыт өткен соң бір жігітпен таныстым. Ол өзі сыпайы қарапайым және өте ақылды жігіт екен. Қазір ол менің некелі жарым. Мен оны қатты ұнаттым, ол да мені ұнатыпты. Біраз уақыт кездескеннен соң маған қос ғашық болуға сөз салды(үйленуге емес). Сол кезде мен бірден өзім жайлы бар жағдайды жайып салдым. Ол көп ойланбастан, ештеңе етпейді өмір болған соң қателіксіз болмайды деді. Сол кездегі қуанышымды айтып жеткізе алмаспын. Ол мен үшін қараңғы түнектегі шырақтай болды. Біздің жұбымыз ажырамады. Менің оған деген ыстық ықыласым арта түсті. Уақыт өте келе біз екеуміз жақындастық. Бәрі менің көңілімнен шықты. Бірақ... Күндердің күні мен тағы қателікке бой алдырдым. Менің одан айырылып қаламын деген қорқынышым мені жеңді. Мен оған жүктімін дедім. Бірақ оның өтірік екенін өзім білдім. Бұл ісім оны өзіме байлау болды. Қандай ақымақ едім, қазір сол қылығым үшін ұялам. Ол маған үйленетінін айтты. Мен не істеп қойғанымды сол кезде бірақ білдім. Мұның алдын алу мақсатында шара қолдануға міндетті болдым. Оның қалада еместігін пайдаланып, түсік тастадым дедім. Ол өте қайғырды. Бірер күннен кейін ол қайтып оралып, бәрібір үйленетінін айтты. Сөйтіп біз үйлендік. Балалы болдық, қос қос дипломнан алдық. Бірақ мен оның көзіне қараған сайын ішім қуыстанып, өзімді кінәлай бердім. Күндердің күні оған бәрін айтуға бел будым. Айттым. Ол мен мұның бәрін білгем деп жауап берді. Мен кірерге тесік таппай қалдым. Мен оны шексіз сүйем. Өмірімді жарыма, оның отбасына арнаймын. Осы күнге дейін оған қарсы келіп немесе отбасына ауыр сөз айтқан күнім болған емес. Болмайды да. Себебі мен шексіз ризамын, алғыстан басқа айтарым жоқ. Мендей ақымақ әйел осыдан басқа не тілесін! Мен өзіме адал жар, сыпайы келін болуға сөз бердім. Себебі кінә менен. Бірақ көкейімде жүрген сұрақ көп. Мен оның бағын байлаған жоқпын ба? Ол шын мәнінде бақытты ма? Әлде балаларым үшін үндемей жүр ма? Т.с.с. Мен жарыма өмір бойы қарыздармын, ол өте төзімді жан. Күнделікті мен ол үшін тағы не істей алам? қайтсем бақытты қылам? деген сұрақтар қоям өзіме. Үйленгенімізге 6 жыл болды. Бірақ ол бақытты ма? Маған көңілі тола ма? Мені кешіре ала ма? Ол қиналып жүрген жоқ па? Әлде іштей тынып жүр ма? Мұны мен сұрай алмаймын, себебі ескі жараның аузын тырнағым келмейді. Құдайым маған күнәсін арқалап жүрсін дегендей, ж сүйікті жар, сабырлы да ақылды ата ене, сүйкімді бүлдіршіндер және табысты қызмет сыйлады. Алла өзі көп көрмесін, бірақ мен бұған лайықты емес сияқтымын.

10 жауап

0 дауыс
Бәрін толықтай оқып шықтым. Сіздің басыңыздан өткен жайт шынымен де өкінішті әрі қызықты аяқталған оқиға екен. Ол сізге сөз салды, сүйіп қосылды сіз неге уайымдайсыз. Біріншіден көп жігіттер ондай қыздарды тастап кетеді. Екіншіден сізден егер шын сүймесе кетіп қалар еді. Сондықтан сіз қараңғы түнекті жеңдіңіз деп толық айта аламмын. Сіздің осы қажырлы мінезіңіз сізді биік шыңға алып шыға алды. Толықтай сеніммен. Сізге келешекте де баянды махаббат тілеймін. Ал егер өзіңізді күнәлімін деп сезінсеңіз АЛЛА алдында шын-жүрегіңізбен кешірім сұраңыз. Жалпы айтқанда дінге табыныңыз. Егер тағы да күдіктенсеңіз психолог маманына барыңыз. Сізге айтарым сіздің ең алғашқы жігітіңізбен бірге болғаныңыз дұрыс емес болды. (Бұлай айтқаным үшін кешірім сұраймын). Егер сіз солай істемегенде қазір сіз бұлай сұрақ қоймас та едіңіз. Бәрі бір АЛЛА Тағаланың шарасы деп біліңіз. Және істеген іс-әрекетіңіз үшін өкінбеңіз. Күйеуіңізбен ашық сөйлесуге тырысыңыз. Егер тағы да сұрақтарыңыз болса пікір қалдырыңыз. БІз әрқашан көмектесуге дайынбыз
0 дауыс
Я расында қазіргі жас қыз-жігіттерге терең ой салатын жағдай екен. Аллах Тағала жақсы жар, сүйкімді бүлдіршін, берік отбасы, тұрақты жұмыс берсе сізді кешіріргені, күнәңізді өшіргені болып тұрғаны ғой. Ең бастысы іштен тынбай күйеуіңізге шындықты айтқаныңыз дұрыс болған. Мұндай жігіттер қазағымызда санаулы ғана шығар.....
0 дауыс
дал осындай жагдай менин де басымнан отип жатыр.куйеуим маган да тусинистик танытып кеширди жане уйленетинин айтты. казир бизге 3 жарым жыл болды. мен де озимди кинали санаймын. куйеуиме ешкашан карсы келмеймин. Аллах тагала маган да суйикти жар суйкимди ул мен кыз, жаксы кызмет сыйлады.сонын барине алгысым шексиз! менин откен кателиктеримди кызым кайталамаса екен деймин.
0 дауыс
Жарыңыз тамаша жан екен,сіздің бағыңыз бар екен,енді сол бақты сақтап отырсыз. Енді еш қателікке бой алдырмай жарыңызды аялап өтіңіз,көңілін бағыңыз. Бірге бақытты болып,бірге қартайыңыздар деп тілеймін)))
0 дауыс
ШЫН СУЙИП ,махаббаттын кадирин билетин жигит екен
0 дауыс
Озинди ойлайтын уятсыз екенсин
0 дауыс
Сәлеметсіздер ме. Барлығыңызға көп рахмет. Ішімдегі сырымды ақтарғаныма еш өкініп отырған жоқпын. Айтпасам жарылатындай едім. Үн қатқандардың басым бөлігі түсіністікпен қараған екен. Рахмет.
0 дауыс
Дінге бет бұру жөнінде... Өзімді иманнан безген деп айтудан аулақпын. Мен шамам келгенше ораза ұстап, жарлыға көмек беруден еш уақытта бас тартпағанмын. Бірақ қызметім намаз оқып, оранып киінуге жол бермейді.
0 дауыс
Не болсада, жігіттін жіттік іс жасапты. Жарайды.
0 дауыс
Казирги танда мундай окигалар коп кездеседи омирде,сен уйленбей турып куйеуине айтканнын дурыс болган,себеби канша жерден куйеуин сенин отиригинди иштей билип турып сен айтпаганда дал уакытында казир бари баскаша болармеди?,ким билсин.Жас омир жолын бастамак боп жаткан кыз-жигиттерге сабак болар.Нагыз махаббат деп алдамшылыкка бой алдырмандар,жигиттер кейде сынап жасайды сол сынакты махаббатпен шатастырып алып артынан окинип жатады,еки кабат боп курсын бет аулак содан алдау,баланы тастап бас катыру омирлик шиленистерге бас бурады.Мына синлимнин ар уяты бар казактын адал ари акылды баласы екен,осындай болсын жигиттер,баккытты болындар!!!)))
...