+2 дауыс
17.6k көрілді

Жасым 19-да. Ауылдың карапайым кызымын. Қалада медицина колледжінде оқимын. Озімнен 5 жас үлкен жігітпен жүрдім. Ауылдың баласы, менің жақсы қыз екенімді біледі деп ойлайтынмын. Маған ылги жақсы қызсың, пысықсың, үйленейік деп айта беретін. Кейін  қашан бірге боламыз дейтінді шығарды. Мен үйленеміз,  сосын деп жауап беретінмін. Бір күні сен маған сенбейсің, оданда жүрмей-ақ қояйық деді ... Қасыма қон, тиіспеймін деп сендірді... Бірақ бәрі басқаша болды, тіпті оны танымай қалдым.... Сол күннен кейін тіпті бір хабарласқан емес, мен хабарлассам ошіріп тастайды,,, Менің алдағы омірім не болады, маған неге бұлай жасайсың десем, ол сенің ғана басыңда барма бұл жагдай деп ұрысып береді.... Қазір тіпті хабарласпаймында. Танымайтын адамым болса екен, мені кішкене күнімнен біледі. Осылай болады деп ойламадым.. Жылап жылап тіпті жасымда шықпай қалды. Ауылға барсам мамам кызым тыныш журсің бе дегенде ішім алай-дүлей болып өзегім өртеніп кетердей болады. Тамақ ішпей жүрген күндерім, ұйқысыз өткен түндерім аз емес. Өлгім келеді, бірақ жан татті екен. Группалас кұрбыларым сен бұрын қандай едің, саған не болды, адемі болып журетін едің, күліп,  көңілді едің қайда сол баяңы кезің, неге үнсіз жүрсің деп бәрі сұрайды. Құрбым біледі, оныңда жылап-жылап ығырын шығарған болармын деп ештеңе айтпауға тырысамын. Жігіттер көңіл білдіріп, хабарласып жатса енді хабарласпауын айтып өшіріп тастаймын. Ой

ланбай жасаған осы қателігім үшін өмір бойы жылап өкініп өтетінімді білемін. Бұдан әрі қарай не істеймін қалай жүремін, ақыл айтыңыздаршы.

18 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине өкінішті жағдай. Бұл жағдайға тап болған қыздар өте көп. Болар іс болды,бояуы сіңді деген бар ғой. Еш қайғырма, қайғыра бергеннен ештеңені өзгерте алмайсың. Болашағыңды ойла , жарқын екеніне көз жеткіз, өзіңді сүйетін адамдар көп екенін ойла.  Жігіттердің бәріне "нүкте" қоя берген де болмайды. Сенің жаныңды түсінетін жігіт жолығады әлі де алдан.Шын сүйгеніне көзі жеткенде ғана бұл туралы айтсаң болады. Ол жігіт кетіп те қалар естігенде. Одан басқа жігіттер құрып қалған жоқ,өзіңді сүйетін жігіт міндетті түрде шығады. Солай бақытыңды тауып кететініңе сенімдімін
откенди озгерте алмайтынымды,канша тырыссамда бурынгыыдай болмайтынын,окингеннен пайда жок екенин билем ,,, бир катты озиме ренжитиним жанымдагы достарым жалынып онымен сойлеспеш ол жаман дегенде, козим ештенени кормегенине окинемин. оз дегенимди орындатып калган адам едим омирде ешкашан калаганын бола бермейди екен
рахмет сизге
+2 дауыс
Өмірдің жаңа парағын аш та ,өмірге келгеніңе қуанып жүр.
Дал осылай жасай алсам гой,,,,
+2 дауыс
Общм қыздар сендер қыз болмасаңдар жігіттердің 90 проценті сендерден бас тартады, сондықтан бұл жағдайдан сабақ алыңдар. Басқа айтарым жоқ. Ал саған Ерке жағдайыңды түсінетін жақсы жігітті кездестіруіңе тілектеспін.
бір статистика жүргізгендейсін ғо)))
Өз тәжірибемнен айтып тұрмын.
Бауырым Ол жігіт Аллаһтан жазайын тартады. Сабырлы бол .Сізге енді туу керек.баланың күнәсі жоқ. Ол бәрібір Сізге оралады.Өлім туралы ойланбаңыз. Бәрі жақсы болады. Берік болыңыз.
–2 дауыс
Өте дұрыс жасадын! Өкінбе...Жақындық тек тойдан кейін)
+2 дауыс
Ешкашан омирден тунилме Ерке!Бариде жаксы болады,ондаи жаман оилардан аулак бол!Булда бир Алланын сынагы болар,тек алга караи умтыл'сен каита оз катенди моиындап турсын,омирде неше турли адам бар оз катесин моиындамаитндарда коп.Ренжиме соткамда казакша жок еди!
0 дауыс
Сенімен тағдырлас жүз шақты қызды танимын, банальный истрия, неге бір бірінен сабақ алмайды екен дим да,
шынымен де мұндай жағдайлар орын алып отыратындығы туралы БАҚ айтылып жатады. Неге осыдан нәтиже шығармайды екен. Кейін біреумен тұрмыс құрағанда да тұрмысқа шыққан жігіттің де өмірі не болады. Үнсіз тұншығып өмір сүріеді ғой ол жігіт. Сондықтан қыздар бір күндікті емес 3 жылдықты немесе алдағы өмірді ойлау керек деп ойлаймын. Төсектес болмаймын десең ешкім зорламайтын шығар. Болмаса заң бар емес пе?
+2 дауыс

Өте қиын жағдай екен. Не істейсің енді өкініп, өмірден түңілгенмен өткен уақыт қайта келмейді. Маңдайына жазылғаны сол болар, сен қайта өз кінәңді біліп отырсың. Ал кейбір қаншама қыздарымыз бұзылып жаман жолға түсіп кетіп жатыр. Менде де осындай жағдай болды. Жігітім маған бір жыл жүргеннен кейін сондай әңгіме айта бастады. Мен ондайды одан күтпеген болатынмын. Мен оған олай ету күнә екенін түсіндірдім. Ал ол сонда да айта берді. Мен оны сүйдім. Қиналдым қатты, бірақ есімді жиып, мен оны өзім тастап кеттім. Өзімнің болашақ өмірім үшін, өзімнің арым үшин махаббатымнан бас тарттым. Ал ол кейін бәрін кеш түсінді, өкінді, алдыма келді, жылады. Мен оны кешіре алмадым. Сол сияқты сеніңде жігітің әлі өкінеді. Алла бәрін көріп тұр ғой. Сенің кінәң оны сүйгенің, сенгенің. Әлі жассыңғой, тек сол нәрсені ойлай бермей ойыңды басқаға бөл. Сеніңде жаныңды түсінетін жақсы жігіт жолығар. Жолығуына шынайы тілектеспін!

+4 дауыс

Қазақта жақсы сөз бар,ертеңгі ас ішетін ыдысыңды бүгін жу деген.Сонда ертеңгі күніңді бүгін ойла деген мағына.Сен де ондай қадамға бармас бұрын ойланғаныңда шіркін....

Қыздарға айтарым:Қашан бірге боламыз??Маған сенбейсіңбе не??? деп сұраған сәттен бастап ол жігітті көкірегінен кері итер!Сені сүйген жігіт бұлай айтпас еді,бұл сені сыйламағандық

иә дұрыс айтасын.шын сүйетін жігіт ондай жаман нәрсе айтпауы керек.
Мені түсінгеніңе рахмет))
+1 дауыс
Ерке, Алла алдыннан жарылкасын, багынды ашсын. Болган ис болды, енди кери уакыт кайтпайды, сондыктан откеннен тек сабак алып, алга карай умтылу керек. Алла саган алдында жаксы адамдарды жолыктырсын деп тилеймин.
жанымау Ерке сен жылама , сен бақытты болуға лайықтысың, ренжімесең саған айтарым бар еді, менің ағам отау құрғанмен 1 ай түрар тұрмас ажырасып кетті, ауылда тұрмаймын деп келіншегі кетіп калды. қарсы болмасаң танысып білісіп, ата -анаңның алдынан өтуге қалай қарайсың. Өміріңді жаңа арнаға бұруың керек, бақытың өз қолыңда.хабарлас 8771-659-01-11
0 дауыс
Өкінбе баріненде.дəл менің басымнан да ондай өтті.кəзір турмысқа шықтым 5балам бар.менде сен құсап əлі күнге дейін бақытсызбын
0 дауыс
Ерке..өткеніңе өкіне бермей..бооашағыңды ойла...анаңның ақ үмітін актауды ойла...оқуыңды үздіікке аяқтап, дипломыңды қолыңа алп, ең жақсы дәрігер бол....ал қателігіңе келсем.. .оңбай қателесіпсің...алайда...Алладан кешірім сұрап дұга жасасаң, мейірімді Алла сені кешіретініне мен сенемін...мойыма...анаңды ойла... тіпті, сәждеге бас қойып намаз оқысаң да өте тамаша болушы еді...Аллам саған жар болсын!!!!
0 дауыс
Сәлем Ерке! Сен бұлай мұңайма! Өмірде бәрі болады, аяғын ауыр болып қалмаған шығар, егер олай болмаса шүкір де! Енді саған тек Аллаға жалбарынып кешірім сұрауын керек! Ал ана жігіт болса, оған ертен болмаса да басқа күні алдынан қырсық болып шығатынына сенімдімін, себебі қыздын көз жасы жібермейді. Одан да анаңның үмітін ақтауға тырыс, оқы, жұмыс істе. Өмірің әлі алда! Өмірде неше түрлі адамдар 5 рет ажырасып 5 рет үйленіп жатады. Так что, уайымдап оө өзіңді жеме! Саған сәттілік!
0 дауыс
Сәлеметсіз, Ерке. Өмірде өзгеге сену емес, өзіңе сенуге бел байлаған дұрыс деп ойлаймын. Әркімнің сөзіне сеніп пікірлескен менің түсінігімше ол да дұрыс емес деп ойлаймын. Менімше өз-өзіңізге өкпелеудің қажеті жоқ енді, тек алға ұмтылыңыз. Өз өміріңізде бір қателік кетіпті, ол үлкен қателік өмірде, түзету тек қолыңызда. Сол жігіт теріс қарады деп, өзгелерді жеп көру болмас, мүмкін Сізді де түсінер жан бар болар
0 дауыс
Оны соттату керек, аямау керек мундай еркек еместерді, сонда гана олар кателигин тусинеди деп ойлаймын
0 дауыс
Бұл жерде сенің ешқандай кінаңды көріп отырған жоқпын. Адам сүйгені үшін, сенгені үшін кіналі бола алмайды. Маңызды бір пікір айтқым келіп отыр, бірақ алдымен мыналарды білгім келеді: ол жігітпен бірге қонбас бұрын қыз ба едің? ол жігітпен болған соң аяғың ауыр болып қалған жоқ па?
...