0 дауыс
3.6k көрілді
маған кәуәп (шашлык) құрамын тауып бересіздерма? қалай жасалуы,қалай мариноватьтайтыны туралы?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Маринадтау түрлері

Дәстүрлі маринад: сірке суы, тұз, ащы, дәмдеуіштер, өсімдік майы.

 

Айта кету керек, мұндай маринадтау түрін тек уақыт тығыз әрі басқа қоспалар жоқ жағдайда қолданған жөн, себебі сірке суы етті құрғатып жібереді.

Ащы маринад: йогурт, кайен бұрышы, лимон сусыны.

Қышқыл-сүтті: йогурт, сарымсақ, даршын немесе дәм қабық (ас дәмдеу үшін колданылатын кейбір тропикалық өсімдіктердің кептірілген хош иісті қабығы), кардамон (зынжабыл тұқымдас өсімдік).

Лимонды: лимон сусыны, зәйтүн майы, райхангүл, жалбыз (мята).

Орысша маринад: квас, жуа (пияз), бал.

Соялық маринад: соя соусы, оған майдалап туралған сарымсақ пен қытайдың бес бұрышы қосылады.

Осы айтылғандардан басқа да көптеген маринадтау түрлері бар. Ал қайсысы дұрысын сіз шешесіз. Әрине, талғамыңызға салып...

Кәуап қалай дайындалады?

Пикник болатын күні дайындалып қойған етті ошаққа қою керек. Сымдармен шаншылған етті ашық отқа емес, шоққа қойғаныңыз абзал, себебі от еттің бетін ғана күйдіріп, толық пісірмейді, ал шоқ қызуы еттің сырты мен ішіне бірдей қызу береді.  

Достарыңызды таңдандырамын десеңіз:

Шампурға «тізімдеуде» ірілеу ет бөлшектерін орта тұсына орналастырғаныңыз абзал.
Етті шаншымай тұрып, шампурды маймен сүртіп, отқа азын-аулақ қыздырып алыңыз.
Еттердің арасына кәді (баклажан), жуа, қызанақ және тәтті бұрыш араластырып салсаңыз, дәмдірек болмақ.
Ет қызып жатқан сәтте, шампурды айналдырып отыру қажет, себебі бір жағы пісіп, екінші жағы піспей қалуы мүмкін.
Осы дайындау барысында дайындалған маринадты кәуапқа құйып отыру қажет.
Кәуаптың дайын болғанын қалай анықтауға болады? Етті пышақпен кесіп көру керек. Егер одан алқызыл түсті сұйықтық шықса, онда әлі дайын болмаған. Түссіз сұйықтық оның дайын болғанынан хабар береді. Ал егер сұйықтық болмаса, кәуап бұзылған. Оны жеуге болмайды.

  • толыгығырақ массагетте:http://massaget.kz/bastangy/kulinariya/10272
0 дауыс
я мағанда керек еді: балықтан, қой етінен және тауық  етінен болса: жазба жүзінде немесе бейнесабақ арқылы
0 дауыс
Кәуәп шұжық(колбаса)
...