0 дауыс
942 көрілді
кейбір қыздар неге өзіне не керек екенін білмейді? мысалы мен сүйген бір қыз мені ұната тұрып ұсынысымды қабылдамады, арамызға түскен ештеңе де, ешкім де жоқ. неге қабылдағың келмейді дегенімі "өзіме нақты керегімді әлі білмеймін" деп жауап берді. неліктен қыздарда мұндай көзқарас пайда болады, әлде ол балалық па?
Сұрақтың жабылу себебі: кажети жок

6 жауап

+4 дауыс
Сүймеген адамның жауаптарының бірі шығар. Шын сүйіп қалса "өзіме нақты керегімді әлі білмеймін" деп айтпайды.
мүмкін сүймейтін болар деп те ойлағанмын. бірақ маған деген аз болса да сезімі болмаса мені басқалардан қызғанбас еді, хабарсыз кетсем іздемес еді, таң атқанша көз ілмей менімен сөйлеспейтін еді ғой деп ойлағанмын. бірақ себебін анықтауға басым жетпеді
+3 дауыс
шынымен өзіне не керегін білмей жүрген қызғой олай болса.....жәй ол сіздін көңіліңіз қалмасын деп айтқаны шығар меніңше ол сізді сүймейтін сияқты....Logped айтқандай
Logoped дегенімғой
сіз сұрақты өңдей алмайсызба?
+3 дауыс
сені ұнатқанмен жақсы көре алмайды, қызға уақыт бер ойлансын, бұл балалық емес тек шешім қабылдай алмайды демесен!
уақыт беріп, уақыты болған соң берген жауабы осы ғой
+2 дауыс
Жоқ. Ол сені сынап жүрген ғо. Тек шыдамдылық керек. Қыздардың сондай адамды сынайтын әдеті бар. Әрине ондай қыздарды ақылды деп айтсақ тым артық кеткендік болмас. Жеңіл-желпі қыздар ғо бірден тек....
1,5 жыл бойы сынап жүр деп айта алмаймын
+1 дауыс
ол сені жай ғана дос ретінде ұнататын шығар жақсы көретін болса ұсынысыңды қабылдайдығой
дос ретінде ұнату немесе жігіт ретінде жақсы көру екендігін өзі нақты айта алмай отыр емес пе?! осы үшін көп ойланады да ренжісіп қаламыз
+2 дауыс
"мысалы мен сүйген бір қыз мен ұната тұрып, ұсынысымды қабылдамады"- дейсіз. меніңше, махаббатқа ұнату жеткіліксіз. неге? өйткені біз бәрін ұната береміз. ал сүю- ол әрбір пенденің қолынан келетін қасиет. сүю ол тек жәй сүю. сүйе салып ұмыту. ойнап жүріп ойнамау.күліп жүріп жылау. жылап жүріп соңы әйтеуір ұмытуға әкеледі. ал ғашықтық мүлдем бөлек. ғашық адамның жүрегін махаббат жауласа, ол көзсіз көбелек болып жүреді.жүрегін тек ғашығына арнайтын жанды айтады. олсыз оған дүние бос. ғашық адам өсек-аянға берілмейді. ғашығын бір сәт көрмесе адамдардан, алаңдардан, ауадан әрбір жерден іздейді.ол ауырса бірге ауырып, күлсе бірге күліп, жыласа жылап жүретін адам. ғашық адамды көзге елестету қиын.ғашық адам өзінің сүйіктісінің өзге адам танымайтын өзгеше қылығын тауып алады. ғашықтық деген сол.өзің ғашық болсан, әлсіз доп қылып, ауада ұшып, жердің шарын өтесің. махаббат әрбір пенденің жүрегін жаулайды. жастың да, кәрінің де, дананың да. ғашық болған адамды ғашық болмаған, жүрегі жараланбаған адам оның ішкі сырын ешқашан, еш уақытта түсінбейді. сырттай түсінгендей киіп танытуы мүмкін. бірақ іштей түсінбес...........
"неліктен қыздарда мұндай көзқарас пайда болады, әлде ол балалық па?" дейсіз. балалық емес мүмкін шалалық шығар.............  сіз кінәні қыздан емес бірінші өзіңізден іздеңіз. арманнан мақсат, мақсаттан әрекет, әрекеттен берекет дейді. неге әліде әрекет етпеске? әрекет етіңіз сізде беректін көресіз.( бірақ қалай әрекет етсеңіз солай берекетін көретініңізді естен шығармаңыз!)
„түсінбейтін адам болмайды,түсіндіре алмайтын адам  болады"менің ойымша дәл айттыңыз.Тауып айтылған сөзге қолқа жоқ.
Сондықтан Бақытымыз үшін күресейік па? Иманғалиева
әрине Ербол Туралиев. бақыт үшін күреспеген, ойдағыдай өмір сүрмес.........
әрине әрекетсіз отырмын деп айта алмаймын. мен сүйген қызымды жан-тәніммен сүйемін. сол қызды ұмыту қиынға соғып отыр, сондықтан әрекетім әзір жақсы нәтиже бере қоймайды деп ойлаймын. оған қоса менадамды ұнатуым қиын "капризный" қасиетім де бар
мүмкін сіздің сол қасиетіңіз ол қызға ұнамайтын шығар?
...