+2 дауыс
1.3k көрілді
Менің өмірімде бір жағдай екінші рет қайталанып жатады.Сол жағдайдың бұрын болғанын біліп кейде күліп жіберемін.Бұл не?Сіздерде де осындай жағдай болады ма?

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ол менің ойымша екінші рет қайталану емес, түсіңізде болған жағдай өңіңізде де болуы. Сіз түс көресіз және қайтадан сол оқиға болғандай көрінеді. Өз жағдайымда айтар болсам, бір мысал келтірейін, менің универге барып, мемлекеттік грантқа өтініш тапсырғаныма көп уақыт бола қойған жоқ, сонда болған жағдай былай қарағанда екінші қайталану сияқты көрінді, ал бірақ екінші жағынан ойлап қарасам, мен ол универге бұрын соңды аяғымды аттап та басқан емеспін. Сол жерде айтылған сөздер, жасалған қимылдар бұрын болғандай көрінді, кейіннен өзім ойлап қарасам түс секілді.
Дежавю деген құбылыс қаяқтың түсі хаха
0 дауыс
Ия, бiрак оте сирек болады
0 дауыс
Бұрын кішкентай кездерімде жиі болатын сосын мектеп кездерімде екі үш рет болды содан кейін мүлдем болған жоқ!
0 дауыс
Дежавью шығар. Бір жағдай дәл сондай болып қайталанбайды.
0 дауыс
Менің ойымша бұл құбылыс кез-келген адамның басында болады. Ол қызық құбылыстың аты - дежавю. Дежавю туралы толық мағұлмат білгіңіз келсе мына сілтемені басыңыз ! http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D0%B6%D0%B0%D0%B2%D1%8E
0 дауыс
ия ондай-ондай болады, кейде сол жағдай болмай тұрып түсте көрүің мүмкін. менде болған ондай
0 дауыс
Ондай болып тұрады кейде-кейде. Менде соңғы рет бір жыл алдың болды, жазда Қызылорда облысында өзімнің бейқамдығымның кесірінен адасып кеттім, оқиға былай болды: бір туысымның үйінен екінші туысымның үйіне жаяу шықтым, бірінші туысым Тереңөзек кентінде тұрады, екіншісі белгісіз бір ауылда, ол ауылдың атын да сұрамаппын, жолды бірінші үйдегі әпкем сәл-сәл түсіндірді, мен түсінгендей болып асығып шығып кеткенмін, біраз жол жүрген соң әпкемнің не айтқанын ұмытып қалыппын, қайтайын десем екінші туысымның үйіне жақындап қалған сияқтымын, айдаладамын, тірі жан жоқ, шілденің 31-і, күн ыстық, телефонда заряд жоқ, заттарыммен бірге ақшаларым да қонаққа барған бірінші үйде, бұрын бармаған жерім, не істеймін деп ойланып тұрдым, содан бір жолға қарасам таныс сияқты, сол жолмен бұрын жүргендей болдым, дәл сол жолда бұрын да адасып қалғандай күй кештім, солай түсініксіз бірнәрсе болды да керекті жерді ешкімнің көмегінсіз-ақ тауып алдым, сол кезде өз-өзімнің тапқырлығыма таң қалғанмын :).

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 21.11.2023 Мектеп сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
...