Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының құрылымы?

+1 дауыс
982 қаралым
Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Қаражат, Ақша

2 жауап

+1 дауыс

Бағалы қағаздар нарығын Қазақстанда толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін  қалыптастырып, тереңдету керек. Бұл жерде айрықша атап өтетін мәселе бұл саланың құқықтық базамен толық қанды қамтамасыз етілуі, қолданыстағы заңнамалардың қазіргі заман талаптарына сай жасалуы, бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының арасындағы қатынастардың бір жүйеге келтірілуі болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын жетілдіру жолында тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып  экономиканың  реалды  секторына жұмсауды  қажет етеді. Сондықтан, осы орайда тұрғындарға кепілдендірілген мемлекеттік бағалы қағаздар шығарып, бұл меншік түрін мемлекет тарпынан толық кепілдендіріп, заңмен қорғалуын қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі күнге дейін бұл бағытта көптеген жұмыстар жүргізілді, дегенмен қалыптасқан мәселе азая қойған жоқ.

Соңғы жылдары азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес Президентіміз бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негіздерін құрайтын заң күші бар жарлықтар шығарды және мемлекетімізде осы саланы реттеу үшін көптеген заңдар қабылданып күшіне енді:

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздан «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңымен;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасында валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңымен;

- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасында Ұлттық Банкі туралы» Заңымен;

- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Қазақстан Республикасындағы Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен;

- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы инвестициялар туралы» Заңымен т.б.

0 дауыс
Елімізде әлі күнге дейін бағалы қыздар нарығы қалыптаспаған. Кәсіпорындар өз акцияларын биржалар арқылы халыққа сатып, қаржы жинап, өндірістерін дамыту керек. Түскен пайдадан акция егелеріне дивиденд төлеп отыруға тиіс. Бірақ, біздің кәсіпорындар тек кредит пен сыртқы инвестиция арқылы ғана жұмыс істеуде.
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы