0 дауыс
965 көрілді
Қазақстанда инвестициялық саясатты жүргізетін жауапты мемлекеттік органдардың қызметі?

1 жауап

0 дауыс

Инвестициялық саясат дегеніміз инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша стратегия мен тактиканы жасауға және жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың жиынтығы. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған инвестициялық саясатты жүргізу келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

  • инвестициялық бағдарламаларға сәйкес;
  • мемлекеттік инвестицияларды, бюджеттік қаржы бөлулерді және бюджеттен тыс қорды тікелей басқару;
  • сараланған пайыздық қойылымдар мен жеңілдіктерді енгізу;
  • экономиканың нақты жағдайына қатысты өлшенген қаржылық, баға (мемлекеттік секторда), сонымен қатар несие саясатын өткізу;
  • инвестициялық жобаларды  тиісті сараптау.

Мемлекетаралық масштабтағы құрылымдық-инвестициялық саясаттың басты міндеті:

  • экономиканың мемлекетаралық интеграциясы;
  • инвестициялық саясатты жасау және жүзеге асыруды ұйымдастыру;
  • шаруашылықтың нарықтық жағдайына келісілген байланысты қайта құру;
  • тәуекелдерден инвесторларды қорғау (сақтандыру және т.б.);
  • нарықтық жағдайлар үшін кадрларды дайындау бойынша жұмыстың тиімділігін көтеру және т.б.

Өзінің инвестициялық саясатында Қазақстан инвесторлармен қарым-қатынаста тұрақтылық және анықтылық қағидаларын, инвесторлардың мүдделерін қорғау, жергілікті және шетел инвесторлары үшін тең жағдайлар құру, жасалған келісім-шарттардың тұрақтылығы қағидаларын ұстайды.

...