1. Мамандығым РЭТб, радиотехника, электроника және телекоммуникация. Қазіргі жұмысым колледжде оқытушылық.
2. Иа, көңілім толады, Құдайға шүкір, негізі менің мамандығым педагогикалық бағытта емес. Менің мамандығыммен телеком, телевидение, радио секілді жерлерде жұмыс істеуге болады. Оңай жағы қара жұмыс емес, қиын жағы компьютерде көп отырасың, нервіңді құртасың, қағазбастылық көп.
3. Иа, Құдайға шүкір.
4. Қатты қиналмадым, себебі грантта оқыдым, ал тұратын жеріме үй ішім көмектесті.
5. Иа, қатысы бар.
6. Жоқ, дәл солы жылы жұмысқа орналастым, сондай-ақ көптеген группаластарым да сол жылы жұмысқа кірді.
7. :D Әй, білмеймін, бірақ студенттермен жүрген бір жағынан қызық, ал екінші жағынан...
8. Мамандықты өзім таңдадым.
9.Иа, Құдайға тауба, араласамыз, жұмыстан тыс уақытта да.
10. Көбіне физика мамандығына қатыстысына барсашы, техника жағына, меніңше, сол салалардан қазақтар аз секілді. Бұл енді менің ойым. :)