0 дауыс
485 көрілді
16 желтоқсанды тойлайтындар барма? жалғанан иә дей салмаңыздар тек шынын айтыңыздар

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қытайда тәуелсіздік күні бір бірмізге  тілек жолдаймыз !

  Тәуелсізік мәңгілік болсын деп тіліеймыз қазаққа Аллаһ тың берген ең үлкен сиы Тәуелсіздік неге тойламасқа менше Әр Қазаққа тәуелсіздіктен артық бақыт жоқ ! ! !
+3 дауыс

Тәуелсіздік күнін тойламаймын. Тек еске аламын. Біз күнтізбеде қызылмен белгіленген күннің бәріне "мереке" деген айдар тағып алып, ал тойлайық деп шыға келеміз. Тойлаудың мәнісі жоқ мерекелер де бар. Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылды бірдей деңгейге қойып, салыстырып, біздікі, біздікі емес дейтіндерге таңым бар. Екеуінің сипаты мүлдем басқа. Ұлттық, діни, тарихи (Жеңіс күні), мемлекеттік, кәсіптік мерекелердің әр қайсысының сипатына қарай "тойлау" жолы да әр түрлі болу керек деп ойлаймын. 

0 дауыс
Мен ұстаз болғандықтан сынып оқушыларына тәрбие сағатын өткіздім және әр отбасында желтоқсан құрбандарын еске алып, жеті шелпек пісіріп,құран бағыштау керек деп ескерттім.Өзім де солай жасадым.
0 дауыс
Тәуелсіздік күнін қазір айтарлықтай ешкім тойламайд деп ойлаймын, өйткені сол бұрынғы концертін өткізеді, кейбір адамдар берілетін демалысқа қуанып, оның қандай мейрам екенін ұмытады. Тәуелсіздікті жанымен түсінетін адам жоқ, сол себепті салғырт қарайды. Кейбір аудандарда тіпті тәуелсіздік күніне концерт өткізілмеді. Бірақ қай жер екенін айтып керек емес әрине, бірақ жаңа жыл мерекесін керемет қылып жасап, тойлады. Сондай кезде ішін ашиды, сол кезде қайран апа-ағаларымыз тәуелсіздік алып бермегенде қазір бұл мейрамды да тойламай біреудің қарамағында жүретін едікқой. Ал осыма біздің рахметіміз, қазіргі заманда бір- бірін сыйлайтын адам да қалмады! Адамға сай заманда өзгерді,мүмкін керісіншеме екен!...Білмедім...

Ұқсас сұрақтар

...