+1 дауыс
5.7k көрілді
Үйге топырақтан 500дей қыш құю керек еді, әкем қалада емес, інім екеуміз сол кірпішті жасап жатыр едік, алдың қанша жұмыс істесемде кірпішті құймаған екенмін, тіпті қалай жасағанын да көрмегенмін, енді сұрақ: Кірпішті (қыш) қалай әдемі қылып құюға (жасау) болады? Қалыпқа жабыспау үшін не істеу керек? Лайдың қоюлығы қандай дәрежеде болуы керек? Кірпіш көлемі 12:25, тез арада көмектеріңіз керек, алдын-ала рахмет!
Сұрақтың жабылу себебі: Сұрақтың маңыздылығы жоғалды.. Кірпіш құйылып, қаланып бітті.. Жауап бергендерге рахмет!
Тез жауап беріңдерш өтініш, ауылдың адамдары бар шығар?
Көмегі тиіп қалар
Рахмат..... Бұл сайтқа кілең ақсаусақтар жиналып қалыпты ғой, өмірінде кірпіш істеп көрген адам бар ма?.

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазір біздің жақта құймайды кірпіш. Бұрын кішкентай кезімде көргенім бар үйде құйғанда. Бірінші балшық езетін орын дайындап алу керек. Таспен қоршап н/е топырақты айналдыра үйіп соның ішіне езеді. Балшыққа шөп араластырады н/е араластырмаймын десеңіз өзіңіз білесіз. Егер мұның бәрін білетін болсаңыз, бірден соңғы жағына көшейік. Лай барынша қою болу керек. Қалыпқа жабысып қалып жатса қалыпты балшық салардың алдында сулап тұру керек шүберекпен. Сосын 12*25 деген көлем кішкентай сияқты ғой. Стандартқа келтіргенде 40*20 н/е 40*18см болу керек қой.
Рахмет, бірақ бұның бәрін білемін, істедім де.
Бұны қалай түсінуге болады?-)) Бұрын кірпіш жасауды көрмегенмін де құймағанмын дейсіз. Енді бәрін білемін, істедім дейді. Қызық дә?-))
Жоқ брат, жазғандарыңды істедім, сонда да лай қалыпқа жабысып қала береді
Қалып қандай еді темір әлде ағаш? Сулағанда жабыспау керек негізі.
0 дауыс
Балшыққа шөпті молдау салғаның жақсы,шөп кірпіштің сынбауын қамтамасыз етеді.Қалыптың ішкі қабырғаларын балшық саларда ерінбей сулы шүберекпен шылқытып сулап отыру керек(шүберегіңді сулағанда сықпа).12де 25 дегенің расында тым кішкентай екен.Сен кірпішті не мақсатқа пайдаланатыныңды жазбапсын,сенің кірпішіңнің размері пеш салуға арналған сияқты,уй тұрғызуға емес.
Иә үй тұрғызуға емес,  сарайға.
Сарай да,үй сияқтығой,егер печь салуға болса онда сенің размерің барады,ал үй,сарай салсаң,оның қабырғасын тұрғызуға 25те 45 етіп құйғаның жақсы,өргенде де жұмысың өнімді болады.
0 дауыс
Қалып 20X30 жәрәйд сарайға !

балшықты шөппен араластырып қалыпты сулы шүберекпенн қабырғасының ішкі жағы сулап жіберіп  үстінен балшық салып толтырып Қалыптан шығарасын! шыққан кірпішінді кепкенше күт жарылса айт! басқа вариантын жазам!
...