0 дауыс
1.1k көрілді
Сіріңке қай мемлекетте ойлап табылған?

5 жауап

0 дауыс
1805-ші жылы Францияда.
0 дауыс
Ең бірінші сіріңкені 1805 жылы француз химигі Жан Шансель жасапты.
0 дауыс
француз халықының өкілі Ойлап тапқан!
0 дауыс
Тарихта  бірінші фосфорлы сіріңкені 19 жастағы француз Шарль Сориа 1831 жылы ойлап тауыпты. Арада бір жыл өткенде неміс химигі Я.Каммерер  фосфор құрамындағы улы заттарды азайту жолын тапты.

1855 жылы Швецияда мұның да жолы табылды. Сөйтіп, қауіпсіз сіріңке Парижде өткен халықаралық көрмеде алтын медаль алды. Әлемге әйгіленген сіріңкенің адамзатқа қызмет ете бастауы да осы кезеңнен басталады. Әрине, жер шарының әр түпкірінде де түрлі ізденіс болған. 1669 жылы алхимик Хеннинг Бранд алғашқы тәжірибесімен ел назарын аударса, ағылшын физигі әрі химик Роберт Бойл бірқатар сынақ, тәжірибе жасады.
0 дауыс
Сіріңке– бір жақ ұшына оңай жанатын қоспа жағылған жіңішке ағаш таяқша (шырпы). Сіріңке қорабына жағылатын қоспа құрамында қызыл фосфор, күкіртті сүрме, темір жосасы, пиролюзит, тері желімі, бор, декстрин және гуммитрагант болады.[1] Шығу тарихы[өңдеу] Сіріңкені XIX ғасырдың басында ағылшын өнертапқышы Джон Уолкердің ойлап тапқандығын біреу білсе, біреу білмес. Бір қызығы әуел басында Джон дәрігер болып жұмыс істеген. Кейіннен химия саласына қызығып, сол салаға түбегейлі бет бұрған. Отты алудың жолдарын табу оны көп ойландырған. Күндердің күнінде ол сульфид пен сүрменің қоспасымен тәжірибе жасауды ұйғарады. Қоспаны араластырып жатып, Джон қолындағы таяғын абайсызда қабырғаға жанып жібергенде таяқтағы қоспа қалдығы жанып кетеді. Осылайша сіріңке зертханада ойлап табылған екен. Ол танымал ағылшын өнертапқышы Уильям Конгривтің құрметіне сіріңкеге «Конгрив» деген атау береді. Және ол аз ғана уақыт ішінде өзі жасаған сіріңкенің қорабын сатуға қол жеткізеді. Дегенмен, сіріңкені ойлап тапқан Уолкер танымал тұлға да, бай да бола алмайды. Оның есімі өзі өлгеннен кейін ғана ауызға алынып, белгілі бола бастайды.
...