+4 дауыс
1.8k көрілді

Не себептен жанып, күйген сіріңке майысып қалады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер тұтанған сіріңкені көлденең ұстаса, онда жалынның қозғалысына байланысты оның жанып кеткен бөлігі иіліп көтеріледі. Ал, егер сіріңкені тік ұстаса, мұндай құбылыс болмайды. Жанып кеткен сіріңкенің иілу себебі, ауаның жану тұста тік қозғалысы, осының нәтижесінде төменнен жоғары бағытта температуралық қозғалыс пайда болады. Сол үшін жанып жатқан сіріңкенің жоғарғы бөлігің температурасы, төменгіге қарағанда әлдеқайда жоғары. Жану кезінде сіріңкенің массасы мен көлемі төмендейді және де температура жоғарылаған сайын, осы өзгерістердің байқалуы анығарақ көрінеді.
0 дауыс
Жанып тұрған сіріңкені көлденең ұстап тұрамыз. От біртіндеп сіріңкенің бойымен жүре бастайды, ол өткен сайын күйген жері көтеріле бастайды. Әртүрлі сіріңкелерде бұл бөлік әр түрлі болып келеді. Сіріңкенің майысып қалу себебі, ол жану барысында температурасы әртүрлі болады.
...