+1 дауыс
740 көрілді

Мен биыл мектеп бітірдім.Оқу екпіндісі болдым.Кей сабақтарым 5 болды.ҰБТ-ға жыл бойы дайындалдым.Бірақ 65 балл жинадым.Пробный тест кезінде 90-100 баллды оңай еңсеріп жүрген маған бұл үлкен "стресс" әкелді.....11 жыл оқыған еңбегім 3 сағатта күйіп кетті.Медециналық университетке түсуді армандап едім...Сыныптағы орташа (үштікке) оқитын оқушылар 105,107 балл алып шықты.Ақша беріп жалдап қойған.Соған ішім күйеді.Осы өмірде бәрін ақша шешеме?Өмірде әділдік бар ма?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әділдікті іздесең бар әрине, біліміңе сенімді болсаң сол грантты оқып жүріп ақ алуыңа болады, ҰБТ да сатып алып оқуға түскендердің көбісі бірінші курста білімі төмен екені дәлелденіп оқып үлгере алмай қаншамасы алған гранттарынан айырылып жатады сол орындарға төлеммен түскен бес оқитындар грантқа ауыстырылады, ҰБТ мен өмір бітіп қалған жоқ енді басталды...
0 дауыс
Әділдік Анандиде бар.(ойын ғой)                                                                                                                       Еңсенді түсірме,өмірін алда!!!!Ешқашан мұңаюшы болма!!Олар оқымағаны үшін ертелі кеш болсын өкінетін болады.Өмірде әділдік бар.Сен оқуға ақшамен түсіп көр,сосын ары қарай жақсы оқығаның үшін грант беретін шығар(бір қыз солай жазған еді,ақшамен түсіп,жақсы оқығаны үшін грант бөлінген).Негізі бақытқа жету қиын.Құдай сені бақытқа жеткізем десе қиын жолдармен өтесін,тек сүрініп құлап қалма....
0 дауыс
Дос, сенің жағдайың да дәл менікіндей екен. Мен де осы жылы ҰБТ тапсырып, пробныйдағы баллдарыма да жете алмай қалдым, менің де кейбір 3ке оқитын таныстарым 100ден асыра жинады. Бірақ мен ертеңіме сенемін, әділдік бар. «Ащы жемей, тәтті жоқ», әр сәтсіздіктің артында сәттілік тұрады. Мен ҰБТ тапсырып болған соң 1 аптадай есімді жия алмай жүрдім, тіпті ауырып қалдым, ал қазір оның бәрін ұмытып оқуға түсуге дайындалып жүрмін. Саған айтарым білімің шынымен бар болса жерде қалмайсың. Үлкен өмірге жақсы қадам аттауыңа тілектеспін.
0 дауыс
адилдикти табу киын негизи(((( сол адилдикти издеп абден шаршадык кой(((( бирак сен мойыма, кудай каласа ЖОО-га платный болимге тусип ал. бар сабагынды 5кылып мугалимдердин козине жаксы тусип алсан 2 курста грант иегери болуын абден мумкин. ол да болмаса 3 курста болинетин президенттик стипендия бар соган арекет жаса. ен куштиси осы. осы кезде канша жыл окыганын акталады деген ойдамын. удачи)))
Жылы лебіздеріңізге рахмет!Алла жар болсын!!
0 дауыс
Мен сені жақсы түсініп тұрмын, менің басымнан да осыған ұқсас жағдайлар өтті. Бірақ, мойыма, ҰБТ-мен өмір бітпейді. Бұл жай ғана Алланың сынағы дер едім. Өйткені, Алла сүйікті құлдарын сынағанды жақсы көреді дейді. Оның үстіне Алла адамға өзі көтере алмайтын қиындықты бермейді.Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) былай деген: "алған біліміңді іс-әрекетіңмен көрсет". Білімді адам қай жерде де көрініп тұрады.
...