+3 дауыс
1.2k көрілді
Әділетсіздіктен шаршадым. Осы әлемде қашан әділдік орнайды екен...
Әділеттілікті тек қана әлсіздер талап етеді.

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қателесесіңдер,әділдік бар,әділдік орнайды да. Рас,әділетсіздіктер көп болуы мүмкін,бірақ соңында әділет жеңуі тиіс. Әділетсіздікті адам жасайды,әділетті Алла тағала орнатады деп түсінемін. Құран сөзі бар:"Егерде адам өзінің жақсы не жаман ісінің қарымтасын,осы өмірде және арғы дүниеде алмаймын деп ойласа,оны ақымаққа балаңдар". Сондықтанда,осы өмірде бәріміз әрбір ісіміз үшін,тіпті осы өмірде де жауап береміз."Жизн-как бумеранг" деген орыстардың сөз рас.
+1 дауыс

Өмірде әділетсіздік пен әділдік, жақсы мен жаман, (шайтан мен періште деген сияқты) қатар жүреді, екеуі қатар жүрмесе болмайды, өмір ешбір қиындықпен күресусіз, тосқауылсыз өтеді. Жер бетінде адам, тіршілік барма?!Демек әділдік пен әділетсіздік қатар жүретіні анық. Менде осы әділетсіздікпен күресуден шаршадым, бірақ мойымауға тырысып келемін. Мүмкін, адам осы әділетсіздікті жеңем деп, бойынша жігерлілік пен күш-қайрат жинау үшін өмірдегі сынақ болар. Демек, әлемде, жалпы өмірде әділдік дәл қазір орнайды деп айта алмаймын. Әрине, бұл әділдікке де, әділетсіздікдітің де куәсі болуымыз, жалпы адамның қолымен істелетін дүние. Оны жақсы жаққа қарай реттеу де қолдан келу керек. Осылай түсінемін.)

+1 дауыс

Саяси экономиканың дарынды ғалымы Карл Маркс өзінің атақты "Капитал" деген кітабында әлемдегі әділетсіздіктің себебі - капитал, яғни ақша жұмсап, қосымша ақша (пайда) табу екендігін дәлелдеген. Әлемде ақша бар кезде әділетсіздік пен теңсіздік жойылмайды.

Ақша алмасу дегендерді жойып халыққа азық түлік киімдерді есептеп санап беріп тұрса солай өмір сүре беред бұндай мем.құрылымды қалай атайды Капитализм Коммунизм емес ...
Белгісіз
0 дауыс

Қазірге кезде әділеттіктен көрі,әділетсіздік көп орын алып жатыр.Адамдарда адал болса,бұндай жағдай орын алмас еді..

0 дауыс

Бұл  әлемде  әділдік ешқашан орнамайды

+1 дауыс
Әдiлетсiздiк Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мұхаммедтiң заманында да болған. Ешқашан мүлде әдiлетсiздiк жойылып, әдiлдiк орнауы мүмкiн емес. Себебi бұл да ақырзаманның белгiсi.
...